Зак Кинг (; 4 ақпан 1990; Портленд, Орегон, АҚШ) — америкалық видеоредактор, Vine және TikTok жұлдызы, иллюзионист. Зак 2008 жылы YouTube-қа видео сала бастады.
Оған үлкен танымалдылық әкелгені, оның интернетке салған алты секундтық видеолары, олар қысқа болсада тылсым күштер, физика заңы істемейтін әлемге кіргендей сезімге бөлейді. Осындай сезімге бөлеу арқылы Зак аз уақыт ішінде танылып, атақты бола бастады. Ол өзінің видеоларын «сандық қол ептілігі» деп атайды, және осының барлығы сандық монтаждың арқасы дейді.
Ерте өмірі және білімі Зак Кинг Орегон штатының Портленд қаласында туылып, сол жерде өсті. Ол жартылай қытай, әкесі жағынан, және бір ширекке ол австриялық, анасы жағынан.
Ол алғашқы фильмін 7 жасында тұрмыстық камера көмегімен жасады. 14 жасында ол видеоаппаратуралар, соның ішінде Macintosh компьютері, камера және штатив сатып алды және видеоларды өңдей бастады.
2012 жылдың желтоқсанында Зак Биола университетін бітірді. Ол жерде кино және медиа өнер білімін алды.
Мансабы 2008 жылы ол өзінің FinalCutKing.com деген сайтын ашты. Ол жерде Final Cut Pro қатысты сабақтары мен кеңестерін жариялады. Өйткені интернетте мардымды сабақ материалдарын таба алмады. Сол кезде ол үйрететін визуалды эффектілер материалдарын салу үшін YouTube арнасын қолдана бастады. Оның сайты танылғанда, ол өзінің сабақтарын өзінің оқуын төлеу мақсатында сата бастады.
2010 жылы «Hewlett-Packard» компаниясын жарнамалауда бірінші орынды алып BFI Лондон Фильм Фестивалінде қызыл жолмен жүру құқұғына ие болды. 2012 жылы Syfy фантастикалық телеарнасы үшін ұйымдастырылған видео байқауына қатысты. 2013 жылы YouTube-та NextUp Creators contest жеңді.
YouTube thumb|Кинг 2012 жылы «Vidcon Golden Poop Award» марапатын алып тұр 2011 жылы Кинг YouTube арнасына Jedi Kittens (ағылшыннан Джедаи Мысықтары) деген видеоны салады. Видеода екі мысық бір-бірімен шамды қылышпен шайқасады. Видео үш күннің ішінде миллионнан аса көрермен жинады, ал кейін 14 миллион көрермен жинады. Бұл танымал видеоның үш бөлімі шықты.
2013 жылдың мамырында ол YouTube-тағы 25 Американың ең болашақ жас режиссерлерінің ішіне кірді. YouTube өткізетін NextUp Creators contest байқауында, Кинг 35 000 $ және Нью-Йорктегі YouTube Creator Camp-қа төрт күнге жолдама ұтып алды. Оның ұсынуы Contest Entry Gone Wrong деп аталды, (ағылшыннан «Ұсынуда бір нәрсе дұрыс болмады»).
Vine Кинг Vine-да аккаунтын өзінің достарына ілесіп 2013 жылда қыркүйекте ашты. Ашқан соң келесі 30 күнде, күн сайын алты секундтық бір видео саламын деп жоспарлады. Алғашқы видеолары сәтті бола бастады, бұның барлығын жалғастырып кетуді шешті. Оның алғашқы видеосы I have a Pikachu kitty!!!! («Менің мысығым — Пикачу!») деп аталды. Бұл видео 11 миллион көрермен мен 450 мың лүпіл жинады.
Фильмдері Күңгірт қасқыр - Аңдар шаһары
Марапаттары мен құрметтері 2009 - First Place London Film Festival for HP advertisement 2009 - Critic's Choice Award at Bridgestone Tires's Safety Scholars Teen Driver Video Contest. 2010 - First place London Film Festival: Heartbrand Ad 2010 - Bridgestone Safety Scholar Winner 2012 - Vidcon Golden Poop Award 2013 - YouTube's NextUp Creators Contest
Дереккөздер
Сілтемелер Zach King TikTok-та Zach King's YouTube арнасы Zach King's Vine аккаунты Zach King Facebook-те Zach King Instagram-да
Санат:АҚШ видеоблогерлері