Калифорния шығанағы — Тынық мұхиттың Солтүстік-шығысында, Солтүстік Американың батыс жағалауындағы шығанақ. Аумағы 180 мың шаршы киллометр, ұзындығы 1240 км, енді жері 220 км, орташа тереңдігі 818 метр, ең терең жері 3292 метр. Шығанақта ұсақ аралдар көптеп кездеседі, ірілері – Тубурон, Анхельде-ла-Гуарда. Колорадо өзені шығанаққа солтүстігінен ағып келеді. Суының толқуы жарты тәуліктік (көтерілуі 2,9 м). Климаты субтропиктік. Суының температурасы қыс айларында Солтүстік-батысында 150С-тан Оңтүстік-шығысында 210С-қа дейін, жаз айларында 280С. Тұздылығы 33 – 35,5‰. Балық аулау (тунец, камбала, скумбрия, т.б.) кәсіпшілігі жақсы дамыған. Портты қаласы – Гуаймас (Мексика).
Санат:Тынық мұхит шығанақтары Санат:Калифорния шығанағы Санат:АҚШ шығанақтары Санат:Мексика шығанақтары