Чендлер Кентербери (; 15 желтоқсан 1998, Хьюстон, Техас) — америкалық актёр.
Өмірбаяны Кентерберри 1998 жылғы 15 желтоқсанда Техастағы Хьюстон қаласында, Кристина және Рассел Кентерберилардың отбасында дүниеге келді. Оның Колби есімді үлкен ағасы бар, ол да актёр, және оның кіші қарындасы бар, актриса.
Мансабы Ол өзінің алғашқы рөлін 2007 жылы «Қылмыстық ойлар» телесериалында ойнады. Осы рөлі үшін 2008 жылы «Жас Әртіс» марапатын жеңіп алды.
Ол сондай-ақ 2008 жылы «Бенджамин Баттонның Жұмбақ Оқиғасы» фильмінде басты рөлдегі кейіпкердің сегіз жасар кезін ойнады.
Ол «Summit Entertainment»-тың 2009 жылғы «Білу» триллер фильмінде басты рөлдегі Калеб кейіпкерін ойнады. Осы жылы «Гари, теннис жаттықтырушысы» фильміне түсті.
2010 жылы Кристина Риччимен және Лиам Нисонмен бірге «Өмірден кейін» психологиялық триллер фильмінде түсті. Қосымша рөлдері ретінде 2009 жылғы «Көк ұнтақ», 2010 жылғы «Репо ерлер» фильмдеріне түсті. 2011 жылы «Шегі» 8 жастағы Питер Бишоп ретінде пайда болды.
2013 жылы Сирша Ронанмен бірге «Қонақ» фильмінде түсті және «Көтерілу» фильмінде басты рөлді ойнады.
Фильмографиясы Кентерберри фильмдерінің толық емес тізімі:
Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі Ескертпе 2007 Қылмыстық ойлар Criminal Minds Дэвид Смит Телевизия сериалы ("In Name and Blood" эпизоды) 2008 Бенджамин Баттонның Жұмбақ Оқиғасы The Curious Case of Benjamin Button Бенджамин Баттон - 8 жас 2009 Гари, теннис жаттықтырушысы Balls Out: Gary the Tennis Coach Жас Гари Көріпкелдік Knowing Калеб Кестлер Көк ұнтақ Powder Blue Билли Өмірден кейін After.Life Джек 2010 Репо ерлер Repo Men Питер R.L. Stine's The Haunting Hour Тис Телевизия сериалы ("My Robot" эпизоды) 2011 Шегі Fringe Жас Питер Бишоп Телевизия сериалы ("Subject 13" эпизоды) Балғалар сөмкесі A Bag of Hammers Келси 2012 Кішкентай Қызыл Арба Little Red Wagon Зак Боннер Басты рөл, сондай-ақ продюсер 2013 Көтерілу Standing Up Хоуи Басты рөл Періштелер әні Angels Sing Дэвид Уолкер Қонақ The Host Джейми Страйдер 2014 Қаракөзді ит Black Eyed Dog Малик
Марапаттар мен номинациялар Марапат Жыл Санат Нәтиже Жұмыс Жас Әртіс 2008 Телесериалдағы үздік қойылым - Қонақ ретінде басты рөлдегі жас актер Қылмыстық ойлар 2010 Көркем фильмдегі үздік қойылым - Қолдаушы жас актер rowspan="4" Білу 2011 Көркем фильмдегі үздік қойылым - Қолдаушы он жасқа дейінгі жас актер Өмірден кейін 2012 Телевизия шоуындағы үздік қойылым - Қонақ ретінде басты рөлдегі жас актер 11-13 Шегі 2013 Көркем фильмдегі үздік қойылым - Он жасқа дейінгі жас актер Балғалар сөмкесі 2014 Көркем фильмдегі үздік қойылым - Жетекші жас актер Көтерілу
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:АҚШ бала актерлары