Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді (30 маусым 1968, Ақсукент, Шымкент облысы) — қазақстандық саясаткер және дипломат, 2026 жылдан бері және 2019–2023 жылдары Сыртқы істер министрі. Бұрын Премьер-министрдің орынбасары (2021–2023), Қазақстанның Аустриядағы (2023–2026), Швейцариядағы (2009–2016) және Малайзиядағы (2004–2009) Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.
Өмірбаяны 1968 жылы 30 сәуірде Шымкент облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында дүниеге келді.
1990 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін тәмамдағаннан кейін Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алды.
Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы ретінде бастады.
1996—1999 жылдары Қазақстанның Корей Республикасындағы Елшілігініңүшінші, екінші хатшысы;
1999—2000 жылдары Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, екіжақты ынтымақтастық бөлімінің басшысы;
2000—2001 жылдары Қазақстан Мемлекеттік хатшысының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
2001—2003 жылдары Қазақстанның Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі;
2003—2004 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2004 жылы Қазақстан президентінің № 1416 бұйрығымен Малайзиядағы, кейін 2005 жылы Индонезия, Бруней және Филиппиндағы Төтенше және Өкілетті Елші қоса атқарушы болып тағайындалды.
2009 жылы Швейцариядағы, кейін Лихтенштейн және Ватикандағы Төтенше және Өкілетті Елші қоса атқарушы болып тағайындалды.
2016 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2021 жылы Премьер-министр орынбасары болып тағайындалып, екі қызметті бірге атқарды.
5 айдан кейін Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елші және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды.
2026 жылғы 2 қыркүйекте Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.М.Б. Тілеуберді туралы
Жеке өмірі Үйленген, 2 ұлы бар. Қазақ, орыс, ағылшын, корей және жапон тілдерін меңгерген.
Марапаттары мен атақтары Қазақстан президентінің алғысы (2003); Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005); Астанаға 10 жыл медалі (2008); Қазақстан президентінің алғысы, I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші (2010); Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 10 жыл медалі (2011); Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі (2015); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі, Ерен еңбегі үшін медалі, Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі (2016); Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл медалі (2017); Астанаға 20 жыл медалі (2018); Парасат ордені (2020); Достастық ордені (ТМД ПАА, 2021).
Дереккөздер
Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан сыртқы істер министрлері Санат:Қазақстанның Малайзиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Индонезиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Филиппендердегі елшілері Санат:Қазақстанның Швейцариядағы елшілері Санат:Қазақстанның Брунейдегі елшілері Санат:Қазақстанның Лихтенштейндегі елшілері Санат:Қазақстанның Ватикандағы елшілері