Британ Колумбиясы (БК) ( (BC) ) — Канаданың батысында, Тынық мұхитының жағалауында орналасқан провинция, 1871 жылы конфедерацияның құрамына қосылған алтыншы провинция.

Британ Колумбиясының астанасы — Виктория қаласы, көлемі бойынша Канаданың он бесінші муниципалдық ауданы. Ең ірі қаласы — Ванкувер, көлемі жағынан Канаданың үшінші мегаполисі және Тынық мұхитының солтүстік-батысындағы екінші. 2016 жылғы мәлімет бойынша провинцияның халық саны 4,648,055 құрады (екі миллионға жуығы Үлкен Ванкуверде тұрады). Британ Колумбиясы провинциясының премьер-министрі — Джон Хорган.

Британ Колумбиясының экономикасы табиғи ресурстарға негізделген. Бұл трансқұрлықтық көлік және темір жол жолдарының соңғы нүктесі, осы жерде белсенді халықаралық тауар айналымды жүргізуге мүмкіндік беретін Тынық мұхитының ең ірі порттары орналасқан. Тек қана 5 %-дан аз жері ғана егістікке жарамды болса да, өзінің қолайлы климатының арқасында провинцияда дамыған ауыл шаруашылығы бар, әсіресе Фрейзерде және Окаган алқабында. Климат табиғат аясындағы демалыс пен туризмнің дамуына ықпал етеді, бірақ баяғыдан провинцияның экономикасының тірегі ағаш өңдеу мен пайдалы қазбаларды табу.

Сөз төркіні 1858 жылы Британ Колумбиясы колониясы британдық болғанда, провинцияның атауын Виктория патшайым таңдаған болатын.Ged Martin, "The Naming of British Columbia, " Albion: A Quarterly Journal Concerned with British Studies, Vol. 10, No. 3 (Autumn, 1978), pp. 257—263 in JSTOR Провинция атауы өзінің бастауын Британдық Колумбияның оңтүстік-шығысынан алатын Колумбия өзенін бойлап орналасқан Колумбия ауданынан пайда болды. Британдық Колумбия деген атау Орегон келісіміне дейін Гудзон Шығанағы компаниясына тиесілі болды. Виктория патшайым Британдық Колумбия деген атауды 1848 жылы орнатылған келісімнен кейін Орегон штатының құрамына қосылған АҚШ-тағы Колумбия округінен («Америкалық Колумбия» немесе «Оңтүстік Колумбия») ажырату үшін таңдады.

География thumb|right|200px|Британдық Колумбияның географиясы оның физикалық рельефінің алуан түрлілігімен және қарқындылығымен ерекшеленеді, ол отарлау кезеңінен бастап қоныстану мен өнеркәсіптің заңдылықтарын анықтады. Британдық Колумбия солтүстігінде Юконмен және Солтүстік-Батыс территорияларымен, шығысында Альбертамен, оңтүстігінде АҚШ-тың Вашингтон, Монтана, Айдахо штаттарымен шектеседі. Батысында провинция жері Аляска штатымен шектеседі және Тынық мұхитының суын жағалайды. Провинцияның жер аумағы — 944,735 км² немесе 364,800 квадрат миль (Канада бойынша бесінші орын), Британдық Колумбияның жағалау сызығы 27,000 километрге (немесе 17,000 мильге) созылған, Британдық Колумбияның құрамында 6,000 жуық арал бар, олардың көбісін елсіз аралдар құрайды. Бұл Тынық мұхитымен шектесетін Канаданың жалғыз провинциясы. Провиинцияның 12,5 %-ын қорғалатын аумақтар алып жатыр.

Британдық Колумбияның астанасы - Ванкувер аралының оңтүстік-шығысында орналасқан Виктория қаласы. Ванкувер аралының тек Кемпбелл өзенінен Викторияға дейінгі тар жолағы едәуір қоныстанған. Ванкувер аралының батыс бөлігі және жағалаудың қалған бөлігі қоңыржай белдеуінің тропикалық ормандарымен қапталған.

Провинцияның ең көп қаныстанған қаласы - Ванкувер қаласы, ол Фрейзер өзені мен Джорджия Бұғазының түйіскен жерінде, материктің оңтүстік-батысында (көбінесе Төменгі материк деп аталатын) аймақта орналасқан. Жер аумағы жағынан Абботсфорд ең үлкен қала. Вандехуф провинцияның географиялық орталығына жақын орналасқан.

Жағалау жоталары және Пассаждың ішкі кіреберістері Британдық Колумбияның кейбір әйгілі және керемет көріністерін қамтамасыз етеді, олар ашық аспан астындағы шытырман оқиғалар индустриясын және экотуризмді дамытады. Провинцияның 75%-ын биіктігі 1000 метрден (3300 футтан) асатын таулы аймақтар; 60%-ын орманды аймақтар алып жатыр, және тек 5%-ы егістікке жарамды жерлер.

Жағалау аудандарынан алыс орналасқан құрлық аймақтарын Тынық мұхиты жұмсақтатады. Жер бедері құрғақ ішкі ормандардан және жартылай құрғақ аңғарлардан Орталық және Оңтүстік аймақтарында орналасқан жоталар мен шатқалдардан, Солтүстік ішкі аймақтарындағы бореалды ормандар мен субарктикалық прериялардан тұрады. Солтүстіктегі де, оңтүстіктегі де биік таулы аймақтар субальпілік флорасы және субальпілік климаты бар.

Верноннан АҚШ шекарасындағы Осоайосқа дейінгі Оканаган шарап аймағы - Канададағы бірнеше шарап және сидр өндіретін аймақтардың бірі. Британдық Колумбияның басқа шарап аймақтарына Ванкувер аралындағы Ковичан алқабы және Фрейзер алқабы жатады.

Оңтүстік ішкі Камлупс және Пентиктон қалаларында Канададағы ең жылы және ең ұзақ жазғы климаты бар. Солтүстік, әсіресе таулы аймақтар немесе провинцияның үштен екі бөлігінде адамдар көп қоныстанбаған және игерілмеген. Ванкувер аралының батыс бөлігі және жағалаудың басқа бөліктері тайга ормандарымен қапталған. Бірнеше оңтүстіктегі аңғарларда анда-санда қар жауатын, көп созылмайтын қыс бар. Солтүстіктегі аңғарларда суық климат бар.

Климат

Тынық мұхитының солтүстігін кесіп өтетін Куросио жылы ағысының ықпалынан провинцияның жағажай аймақтарында жылы, жаңбырлы теңіз климаты бар. Таулы жоталар ылғалды ауаны ұстап тұрғандықтан провинцияның ішкі аймақтарында құрғақ климат бар, кейбір жерлерде жылына 250 мм-нан кем жауын-шашын түседі. Провинцияның көп қоныстанған аймақтарындағы орташа жылдық температура — 10 °C жоғары, бұл Канаданың кез-келген басқа нүктесіне қарағанла жылы. Ванкувер аралында орналасқан Хендерсон көліне жыл сайын орташа есеппен 6,903 мм жауын-шашын жауады. Викториядағы орташа жылдық температура 11.2 °C (52.2 °F) құрайды, Канададағы ең жоғарғы температура.

Провинцияның ішкі және солтүстік аймақтарында қыс өте қатты болуы мүмкін. Мысалы, қаңтар айында Принс Джордж қаласындағы орташа түнгі температура −13 °C құрайды. Британдық Колумбиядағы ең төмен температура Блю-Риверде тіркелді, температура бағамы −59 °C-қа дейін құлаған. Бұл Солтүстік Америкада тіркелген ең төмен температуралардың бірі. Оңтүстіктегі ішкі аңғарларда суықтың қысқа түрімен келетін қысқа қыс болады. Жағалауда қар көп жауады, және Сеңгір таулары шаңғышылар үшін қолайлы орынмен қамтамасыз етеді.

Тының мұхитының солтүстік бөлігіндегі төмен қысымның әсерінен жағалауда қыста көп жаңбыр жауады. Кей жағдайда (әрбір қыста емес) арктикалық ауа жағалау аймақтарына келген кезде көп қар жауатын, температура нөлден төмен түсетін кездер болады, бірақ бұл әдетте өте қысқа мерзімге созылады. Жаз мезгілінде оңтүстіктегі ішкі аңғарларда, мысалы, Осойоста шілдеде орташа максимум 32 °C-қа жетеді, кейде ыстық ауа-райы жағалауға немесе Шеткі Солтүстікке жылжиды.

Жаздағы құрғақшылық орман өрттерінің пайда болуына мүмкіндік жасайды, немесе найзағайдың немесе Антропикалық фактордың кесірінен. Жазда жағалау аумақтары құрғақ және жұмсақ климатқа ие, бұған көбіне тұрақты антициклондық жоғары қысым әсер етеді. Шуақты жазға қарамастан провинцияның көп аудандары қыста қалың бұлт жамылғысымен және төмен тұманмен жамылған. Жылына шуақты сағаттар саны Кранбуркке жақын жерде 2300-ден Алясканың оңтүстігінде орналасқан Принс Рупертте 1300-ге шуақты сағаттарға дейін азаюы мүмкін. + Британдық Колумбияның таңдалған қалалары үшін орташа тәуліктік максималды және минималды температуралар Муниципалитет Қаңтар Сәуір Шілде Қазан Max Min Max Min Max Min Max Min Принс Руперт 5.6 °C (42.1 °F) −0.8 °C (30.6 °F) 10.2 °C (50.4 °F) 2.5 °C (36.5 °F) 16.2 °C (61.2 °F) 10.5 °C (50.9 °F) 11.1 °C (52.0 °F) 4.9 °C (40.8 °F) Тофино 8.3 °C (46.9 °F) 2.3 °C (36.1 °F) 11.9 °C (53.4 °F) 4.0 °C (39.2 °F) 18.9 °C (66.0 °F) 10.5 °C (50.9 °F) 13.6 °C (56.5 °F) 6.3 °C (43.3 °F) Нанаймо 6.9 °C (44.4 °F) 0.1 °C (32.2 °F) 14.1 °C (57.4 °F) 3.9 °C (39.0 °F) 23.9 °C (75.0 °F) 12.3 °C (54.1 °F) 14.6 °C (58.3 °F) 5.2 °C (41.4 °F) Виктория 7.6 °C (45.7 °F) 1.5 °C (34.7 °F) 13.6 °C (56.5 °F) 4.3 °C (39.7 °F) 22.4 °C (72.3 °F) 11.3 °C (52.3 °F) 14.2 °C (57.6 °F) 5.7 °C (42.3 °F) Ванкувер 6.9 °C (44.4 °F) 1.4 °C (34.5 °F) 13.2 °C (55.8 °F) 5.6 °C (42.1 °F) 22.2 °C (72.0 °F) 13.7 °C (56.7 °F) 13.5 °C (56.3 °F) 7.0 °C (44.6 °F) Чиллиуак 6.1 °C (43.0 °F) 0.4 °C (32.7 °F) 15.8 °C (60.4 °F) 5.2 °C (41.4 °F) 25.0 °C (77.0 °F) 12.5 °C (54.5 °F) 15.3 °C (59.5 °F) 6.4 °C (43.5 °F) Пентиктон 1.8 °C (35.2 °F) −3.0 °C (26.6 °F) 15.7 °C (60.3 °F) 2.5 °C (36.5 °F) 28.7 °C (83.7 °F) 13.3 °C (55.9 °F) 14.3 °C (57.7 °F) 3.2 °C (37.8 °F) Камлупс 1.8 °C (35.2 °F) −3.0 °C (26.6 °F) 15.7 °C (60.3 °F) 2.5 °C (36.5 °F) 28.7 °C (83.7 °F) 13.3 °C (55.9 °F) 14.3 °C (57.7 °F) 3.2 °C (37.8 °F) Осоайос 2.0 °C (35.6 °F) −3.8 °C (25.2 °F) 18.1 °C (64.6 °F) 3.6 °C (38.5 °F) 31.5 °C (88.7 °F) 14.3 °C (57.7 °F) 16.4 °C (61.5 °F) 3.5 °C (38.3 °F) Принстон −1.4 °C (29.5 °F) −8.6 °C (16.5 °F) 14.4 °C (57.9 °F) −0.3 °C (31.5 °F) 26.3 °C (79.3 °F) 9.5 °C (49.1 °F) 13.2 °C (55.8 °F) 0.3 °C (32.5 °F) Кранбурк −1.9 °C (28.6 °F) −10.2 °C (13.6 °F) 12.9 °C (55.2 °F) 0.3 °C (32.5 °F) 26.2 °C (79.2 °F) 11.2 °C (52.2 °F) 11.7 °C (53.1 °F) −0.3 °C (31.5 °F) Принс Джордж −4.0 °C (24.8 °F) −11.7 °C (10.9 °F) 11.2 °C (52.2 °F) −1.1 °C (30.0 °F) 22.4 °C (72.3 °F) 9.1 °C (48.4 °F) 9.4 °C (48.9 °F) −0.5 °C (31.1 °F) Форт Нельсон −16.1 °C (3.0 °F) −24.6 °C (−12.3 °F) 9.6 °C (49.3 °F) −3.6 °C (25.5 °F) 23.2 °C (73.8 °F) 10.9 °C (51.6 °F) 5.2 °C (41.4 °F) −4.2 °C (24.4 °F)

Саябақтар мен қорғалатын табиғи аумақтар

Провинцияда 14 саябақтар мен қорғалатын табиғи аумақтар бар, олар қазіргі заманғы контекстте осы аймақтарды әр түрлі басқару мен құруды бейнелейді. 141 экологиялық қорықтар, 35 провинциялық теңіз саябақтар, 7 провинциялық мұра орындар, Канаданың 6 ұлттық тарихи ескерткіштер, 4 ұлттық парктер және 3 ұлттық резервациялар бар. Провинцияның 12.5% (114,000 km2 немесе 44,000 шаршы миль) 800-ден астам әр түрлі аймақтарды қамтитын, 14 әр түрлі мақсаттың бірімен қорғалатын аймақ ретінде есептелінеді.

Британ Колумбиясында Канаданың жеті ұлттық паркі мен Ұлттық Парк Резвациялар бар: Глейшер Ұлттық Саябағы Галф Айлендс Ұлттық Парк Резервациясы Гуаи Хаанас Ұлттық Парк Резервациясы Кутеней Ұлттық Саябағы Маунт Ревелсток Ұлттық Саябағы Пасифик Рим Ұлттық Парк Резервациясы Йохо Ұлттық Саябағы

Британ Колумбиясында Қоршаған Ортаны Қорғау астындағы BC Parks көптеген провинциялдық парктер бар. Британ Колумбиясының провинциялық парктер жүйесі көлемі жағынан Канададағы екінші парктер жүйесі болып табылады.

Британ Колумбиясындағы тағы бір парктер деңгейі — бұл провинцияның аймақтық округтерінің қолдауындағы және басқаруындағы аймақтық парктер. Ормандар Министрлігі ормандағы демалыс орындарын басқарады.

Осы аудандардан басқа, 47,000 шаршы шақырым (18,000 шаршы миль) егістікке жарамды жерлер Егіншаруашылғына Арналған Жерлер Қорығының қорғауында.

Фауна

Провинцияның көп бөлігі игерілмеген, сондықтан Америка Құрама Штаттарының аумағының көп бөлігінде саны сиреп қалған сүтқоректілер Британ Колумбиясы аумағында әлі гүлденіп жатыр. Жануарлардың әр түрлі түрлерін, соның ішінде әр түрлі құстарды тамашалау баяғыдан танымал болды. Бұл жерде аюлар (гриззли, қара аю, соның ішінде Кермод аюы немесе елес аю) осы жерде тіршілік етеді, сондай-ақ бұғылар, вапити, бұландар, солтүстік бұғылары, сабау қойлар, тауешкілер, суырлар, құндыздар, ондатрлар, шалғын қасқырлары, қасқырлар, сусарлар тұқымдасы (мысалы құнулар, борсықтар), пумалар, бүркіттер, тұйғындар, құтандар, Канада қаздары, аққулар, маймаққаздар, ақтұйғындар, жапалақтәрізділер, қарғалар, арлекин үйректері, және де үйректердің көптеген түрлері. Кішкентай құстардың да көптеген түрлері бар. Муррелдар Хайда-Гуай жағалауындағы кішкентай аралдардың ішіндегі Фредерик аралынан танымал.Attenborough, D.1998. The Life of Birds. BBC publication.

Балықтардың көптеген сау популяциялары бар, албырттарды да қосқанда, сондай-ақ албырттардың бірнеше түрлері, бақтақ балықтары. Албырт пен бақтақтан басқа, Британ Колумбиясының тәжірбиелі балықшылары палтус, құбылмалы бахтах, бекірелерді аулайды. Жағалауда әдетте, итбалықтар және Канада кәмшаттар. Теңіз жағалауларында тұратын киттәрізділерге косаткаларды, өркешті киттерді, сұр киттерді, тынықмұхиттық ақ-бауырлы дельфиндерді жатқызуға болады.