Қазақстан және Түрікменстан арасындағы футбол матчы — Аталған екі құраманың да тарихындағы тұңғыш матч. 1992 жылы 1 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Матч
Матч тарихы 1991 жылы КСРО тарады да, КСРО-ға қатысты барлық спорт турнирлері өткізілуін тоқтатты. КСРО-дан бөлінген одақтас республикалар тәуелсіздігін алып, спорт саласында да жекелей біріншіліктерін өткізуді бастады. Қазақстан да, Түрікменстан да өз ұлттық чемпионаттарын өткізуге кірісті.
1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінің жеребесі ол кезде тартылып қойғандықтан, посткеңестік елдердің көбі ол турнирге қатыса алмады, халықаралық ресми жарыстардағы дебютін кем дегенде 2-3 жыл күтуге тура келді де, Қазақстанмен бірге бірнеше елдің футбол ұйымдары құрлықтық федерацияларға және ФИФА-ға мүше болуға асықпады.
1992 жылдың сәуірінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан футбол басшылары "Орта Азия" кубогын ұйымдастырып, ұлттық құрамалардың шама-шарқын сынап көруге шешім қабылдады. Турнир екі айналымнан тұрады деп келісілді (көп ұзамай Тәжікстан құрамасы елдегі тынышсыздыққа байланысты екі турдан соң жарысты жалғатырудан бас тартты). Жеребе бойынша осынау бейресми турнирдің тұңғыш кездесуі 1 маусым күні Алматыда Қазақстан және Түрікменстан құрамаларының арасында өтеді деп бекітілді.
Стадионда Қазақ КСР-інің туы ілініп тұрды (екі елдің де мемлекеттік рәміздері әлі ол кезде бекітіле қоймаған-ды, матчтан үш күннен соң ғана Қазақстанның аспан түстес туы жарыққа шықты).
Матч тағдырын шешкен жалғыз гол 86-минутта соғылды. Оң қапталдан асырылған допты Владимир Нидергаус тоқтатпай теуіп, алыс бұрыштың тоғыздығын дәл көздеді. Қазақстан құрамасы жаңа тарихын жеңіспен бастады.
Детальдар
ққ1Вадим Егошкинқ2 Асқар Қожабергеновқ3Сергей Пасько қ4Евгений Сысоевж5Марат Есмұратовж6Анатолий Поведенокж7Руслан Дүзмәмбетовш8Владимир Нидергаус ш9Асқар Әбілдаевж10Вахид Масудовш11Андрей Мирошниченко Алмасулар:қ Сұлтан Әбілдаевқ Баян Бадағұловш Александр Богатыревш Юрий Найдовскийж Талғат БайсуфиновБапкер:Бақтияр Байсейітов ққ1Александр Коробкоқ2Рахим Құрбанмамедов қ3Чарыяркули Сейдиевқ4Игорь Серкеровж5Джумадурды Мередов ж6Алексей Козловж7Владимир Костюкш8Камиль Мингазов ж9Виталий Золотухинш10Равшан Мухадовш11Чарыяр МухадовАлмасулар:ж Бердымурад Нурмурадовш Амандурды Аннадурдыев ш Рафис ГильмановжКурбанмамед МередовБапкер:Байрам Дурдыев
Матчтан соң Бұл екі құрама сол жылдың 14 қыркүйегінде тағы кездесті. Бұл жолғы ойын Түрікменстанда өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Күзде аяқталған осы турнирде Қазақстан чемпион атанды. Түрікменстан үшінші орында қалды.
Бұдан соң қос құрама 1994 жылы 15 сәуірде Өзбекстан тәуелсіздігі кубогында кездесті. Бұл ойында есеп ашылмады.
Тағы қараңыз
Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы 1992 Футболдан Орта Азия кубогы 1992
Дереккөздер
Сілтемелер teams.by сайтында
Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы Санат:1992 жылғы футбол