Жарма өзені – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысының Жарма ауданы жерімен ағып өтеді.

Бастауы Қандығатай тауының оңтүстік етегіндегі бұлақтардан басталып, Шар өзеніне жетпей, Ақбұзау ауылының батысында тартылып қалады.

Гидрологиясы Өзен арнасы жоғарғы ағысында тар, жағасы тік жар, орта, төменгі ағыстарында арнасы кең, жағасы жайпақ, жайылмасында құрақ, қамыс, шалғын өседі. Жылдық орташа су ағыны Қапанбұлақ темір жол стансасы тұсында 0,7 м3/с. Өзен жағалауында Жарма, Жаңғызтөбе темір жол стансалары орналасқан. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы өзендері