Грета Герман (нем. Grete Hermann, 2 наурыз 1901 — 15 сәуір 1984) — математика, физика, философия және білім саласындағы жұмыстарымен танымал неміс математигі және философы. Ол кванттық механика негіздері туралы алғашқы философиялық жұмысымен және Джон фон Нейманның "жасырын параметрлер жоқ" теориясын сынағанымен танымалдылық алған.

Математика саласындағы жұмыстары Грета Герман Эмми Нётердің басшылығымен Гёттинген университетінде математиканы оқыды. Ол 1926 жылы докторлық диссертациясын қорғады (Die Frage der endlich vielen Schritte in der Theorie der Polynomideale), осы жұмысы "Mathematische Annalen" журналында жарық көрген, кейінен компьютерлік алгебраның негізін қалаған жұмыстардың бірі болған. Герман жалпы алгебрадағы көптеген есептердің шешімінің алгоритмдерін сипаттады, мысалы, көпмүшеліктер сақиналары үшін идеалды мүше алгоритімі. Идеалдың алғашқы ыдырауының алгоритмі бүгінгі күнге дейін қолданылады.

Нельсонның көмекшісі 1925 жылдан 1927 жылға дейін Герман Леонард Нельсонның көмекшісі болып жұмыс істеді.C. L. Herzenberg: Grete Hermann: An early contributor to quantum theory Ол Нельсонның өлімінен кейін Миной Шпехтпен бірге «System der philosophischen Ethik und Pädagogik» атындағы еңбегін жариялады.

Кванттық механика Герман өзінің философиялық еңбектерінде физиканың негіздеріне ерекше қызығушылық танытты. 1934 жылы ол Лейпцигке қоныс аударды(«Неокантиандық себеп-салдарлық тұжырымдамасын және қазіргі кванттық механиканы үйлестіру қажеттілігіне байланысты»). Heisenberg and Hermann Лейпцигте Герман, Вайцзеккер және Гейзенберг арасында қарқынды пікір алмасулар болды. Сол кездегі өз жазбаларында Герман болжам мен себеп-салдар арасындағы айырмашылыққа баса назар аударды. Кейін ол Данияда The foundations of quantum mechanics in the philosophy of nature атты еңбегін жариялады, бұл жұмыс «жаңа кванттық механиканың алғашқы және ең жақсы философиялық зерттеу әдістерінің бірі»Elise Crull, Guido Bacciagaluppi: Translation of: W. Heisenberg, Ist eine deterministische Ergänzung der Quantenmechanik möglich?, preprint of May 2, 2011 (to be included in a planned book for CUP with the title «The Einstein Paradox»: The debate on nonlocality and incompleteness in 1935), PhilSci archive(abstract,fulltext), footnote 5, p. 3. деп аталды. Герман осы еңбегінде келесі қорытындыға келеді:

1935 жылы Герман Джон фон Нейманның 1932 жылғы дәлелдемесінің сынын жариялады, ол кванттық механиканың жасырын айнымалы теориясының мүмкін еместігін көрсетті деп кеңінен мәлімдеді. Германның бұл тақырыптағы жұмыстары физика қоғамдастығының назарынан тыс қалды, 1966 жылы Джон Стюарт Белл осы тақырыпты өз бетінше зерттеп жариялаған, бірақ оның одан ерте Германның ашқанын 1974 жылы Макс Джаммер атап өткен. Атап айтқанда, бұл кванттық механиканың Копенгаген интерпретациясының қабылдануына күмән келтіреді.См. Michel Bitbol, Pierre Kerszberg, Jean Petitot: Constituting Objectivity: Transcendental Perspectives on Modern Physics, Springer, 2009, ISBN 978-1-4020-9509-2, p. 331

Саяси белсенділік Адольф Гитлер Германияда билікке келген кезде Герман фашистеріне қарсы астыртын қозғалысқа қатысты. Ол Internationaler Sozialistischer Kampfbund (ISK) мүшесі болды.

Эмиграция және кейінгі жылдар 1936 жылы Грета Данияға, кейін Франция мен Ұлыбританияға қоныс аударды. Соғыс аяқталғаннан кейін ол Батыс Германияға оралды. Ол Бремен білім беру университетінің философия және физика профессоры болып тағайындалды. 1961 жылдан 1978 жылға дейін ол 1922 жылы Нельсон құрған Философиялық және Саяси академияны басқарды.

Дереккөздер

Сілтеме Grete Henry’s "The Significance of Behaviour Study for the Critique of Reason, " Ratio, Volume XV, No. 2, December 1973. Grete Henry-Hermann: Politically minded scientist , F. Kersting —ISBN 978-3-939928-60-7.

Санат:Германия математиктері Санат:Әйел ғалымдар Санат:XX ғасыр математиктері Санат:XX ғасыр философтары Санат:Математиктер