Туражақ ауданы немесе аймақ () Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым.
Әкімшілік орталығы - Туражақ ауылы.
Географиясы Ауданы 11,06 мың шаршы км Туражақ ауданы Алтай республикасының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан Алтай Республикасының Шоя және Ұлаған аудандары, Кемерово облысы, Хакасия Республикасы, Алтай өлкесінің Красногорск және Солтан аудандарымен шектеседі. Таулы Алтай қаласына дейінгі қашықтық 145 км.
Аймақтың ландшафты алуан түрлі: аумақтың шамамен 80% биіктігі 500-ден 2100 метрге дейінгі, қылқан жапырақты ормандар өскен, ит тұмсығы өткісіз күңгіртқылқанды тайгаға айналған тау жоталары алып жатыр. Аудан мөлдір сарқырамалар мен ағынды өзендерге, тайга көлдері және алпілік шалғындарға толы.
Облыс арқылы Алтынкөл мен Бису өзенін қоректендіретін жетпістен астам өзендер ағып өтеді, оларда таймен, ускуч, телес ақсақасы, сібір қарауызы, шортан, нәлім және алабұға кездеседі. Жағаларында қарағай жаңғағына, аң терілеріне, жидектер мен саңырауқұлақтарға бай қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ормандар бар. Ормандарда 300-ден астам құс түрі тіршілік етеді, 50-ге жуық түрі Алтай Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
Көлік жүйесі Көлік ағындары негізгі магистралдар бойымен өтеді: Таулы Алтай - Шоя - Артыбас, Бийск - Курево көлі - Туражақ - Артыбас, Туражақ - Тастакөл (Кемерово облысы) және аймақтық автомобиль жолдарының желісі. Жақын теміржол станциялары Бийскіде (188 км), ал Тастакөл қаласы, Кемерово облысы (95 км).
Тарихы
Санат:Туражақ ауданы