Эйдур Смаури Гудьонсен (, ; 15 қыркүйек 1978https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3176, Рейкьявик, Исландия) — исландиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Әкесі Арнур Гудьонсен де футболшы болған.

Карьерасы

Клубтық 1993 жылы 15 жасында "Валюр" клубымен келісім шарт жасасты. 1994 жылы ПСВ клубына ауысты. Онда Роналдомен бірге доп тепті, тіпті Чемпиондар лигасында да алаңға шықты.

23 жылдық футболшылық карьерасында сан мәрте клуб ауыстырды. Ең ұзақ ойнаған клубы "Челси". Лондондықтар сапына 2000 жылы қосылып, 2006 жылға дейін доп тепті. Бірнеше жыл негізгі құрамда ойнаған Эйдур клубқа Дидье Дрогба, Эрнан Креспо, Майкл Эссьен келген соң қосалқы құрамда отыруы жиіледі де, 2006 жылы жазда "Барселонаға" ауысты.

"Барселона" сапында үш жыл ойнады. Алғашқы ек маусым жүлдесіз аяқталды. 2009 жылы Чемпиондар лигасын, Испания чемпионаты мен Испания кубогын, Испания суперкубогын, УЕФА суперкубогын жеңді. Сол жылы жаздың соңында "Монакоға" ауысты. Бірақ Франция чемпионатына да алаңға көп шыққан жоқ. 2010 жылдың басында "Тоттенхэмге" жалға берілді.

Кейінгі жылдарда Бельгия, Қытай, Норвегия, Англия, Үндістан чемпионаттарында ойнады.

Құрама Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1996 жылы 24 сәуірде Эстонияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ойынның екінші жартысында әкесі Арнурдың орнына шықты. 20 жылдан соң 2016 жылғы Еуропа чемпионатында соңғы ойынын өткізді. 1/4 финалда Францияға қарсы ойынның екінші таймында алаңға шықты, бұл ойында Исландия 2:5 есебімен ұтылып қалды.

Жетістіктер

Командалық «ПСВ»

Нидерланд чемпионы: 1996/97 Нидерланд кубогы: 1995/96 Нидерланд суперкубогы: 1996

«Рейкьявик»

Исландия кубогы: 1998

«Челси»

Англия чемпионы (2): 2004/05, 2005/06 Лига кубогы: 2005 Англия суперкубогы (2): 2000, 2005

«Барселона»

Испания чемпионы: 2008/09 Испания кубогы: 2008/09 Испания суперкубогы (2): 2006, 2009 Чемпиондар лигасы: 2009 УЕФА суперкубогы: 2009

Жеке

Исландияның үздік жас футболшысы: 1994 Исландияның үздік футболшысы (4): 2004, 2005, 2006, 2008 Исландияның үздік спортшысы (4): 2004, 2005, 2006, 2012

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Исландия футболшылары Санат:Исландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Валюр ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Рейкьявик ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:АЕК Афина ФК ойыншылары Санат:Серкль Брюгге ФК ойыншылары Санат:Брюгге ФК ойыншылары Санат:Болтон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Мольде ФК ойыншылары Санат:Пуна Сити ФК ойыншылары Санат:Шицзячжуан Эвер Брайт ФК ойыншылары Санат:Исландия футбол жаттықтырушылары Санат:Хабнарфьордюр ФК жаттықтырушылары