«Алтын банан» («Күнгей белдік») — Жерорта теңізінің жағалауының бойында батыстағы Картахена мен шығыстағы Генуя арасындағы халық тығыз орналасқан және урбандалған территорияны белгілейтін термин. «Алтын бананның» концепциясы 1995ж. Еуропалық комиссия сессиясында «Еуропа 2000» жобасы аясында таныстырылған болатын. «Алтын бананның» идеясы Еуропаның экономикалық жағынан ең дамыған аймағын білдіретін «көгілдір банан» терминіне ұқсас болып ұсынылған. thumb|Еуропа картасындағы «Алтын банан»

Сипаттамасы «Алтын банан» «көк бананнан» бастау алып, Жерорта теңізі жағалауы бойымен (Ницца, Марсель, Монпелье және Барселона қалаларымен) Испанияның Валенсиясына дейін жалғасады. Көгілдір бананға қарағанда, осы облыста көбінесе жаңа технологиялар мен зерттеулермен байланысты іс дамыған. «Алтын бананның» тұрғындар санын 40-45 миллион адам құрайды.

Сондай-ақ қараңыз Көк банан

Дереккөздер

Санат:Еуропа одағы экономикасы