Петер Дистль (; 30 наурыз 1960https://www.national-football-teams.com/player/21043.html, Бая, Мажарстан) — мажарстандық футболшы, қақпашы.

Карьерасы

Клубтық "Видеотон" клубының түлегі. 1979 жылы 19 жасында кәсіби карьерасын бастады. "Видеотон" сапында сегіз маусым ойнап, 1985 жылы УЕФА Кубогының финалисі атанды. Финалда "Видеотон" "Реал Мадрид" клубына есе жіберді. Финалдағы екі ойында да Петер толық ойнады.

1987 жылы "Гонведке" ауысты. Алғашқы маусымда-ақ Мажарстан чемпионы атанды. 1989 жылы осы жетістігі тағы қайталанды.

1990 жылы Германияның "Рот-Вайсс Эрфурт" клубына ауысты.

Кейінгі жылдарда тағы да Мажарстан, Малайзия, Германия чемпионаттарында ойнады.

Кейін бірнеше клубта қақпашылар бапкері қызметін атқарды.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 1986 жылғы әлем чемпиоантына қатысты.

Жетістіктері

Халықаралық УЕФА кубогының финалисі: 1985

Ұлттық Мажарстан чемпионы: 1987/88, 1988/89

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Мажарстан футболшылары Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фехервар ФК ойыншылары Санат:Гонвед ФК ойыншылары Санат:Дьор ФК ойыншылары Санат:Халадаш ФК ойыншылары Санат:Селангор ФК ойыншылары Санат:Мажарстан футбол жаттықтырушылары