Хосе Мария Гутьеррес Эрнандес (; 31 қазан 1976 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7530, Мадрид) — испаниялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы Ұзақ жылдар бойы "Реал Мадрид" клубында доп тепті, бірақ әуелі Кларенс Зедоорф, сосын Зинедин Зиданнан негізгі құрамнан орын босамады.

2008 жылы 14 қыркүйекте "Реал Мадридтің" Испания чемпионаттарындағы 5000-шы голын соқты.

2010 жылы клубпен келісім шарты бітті де, бірнеше клубтан ұсыныс түсті. Гути "Бешикташты" таңдады. Екі маусымнан соң карьерасын аяқтады.

Бапкерлікк карьерасын "Реал Мадрид Кастилья" клубын жаттықтырудан бастады. Кейін "Бешикташта" бапкер көмекшісі міндетін атқарды. 2019 жылы "Альмерияның" бас бапкері боп тағайындалды.

Жетістіктері

«Реал Мадрид»

Испания чемпионы (5): 1996/97, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2007/08 Испания суперкубогы (4): 1997, 2001, 2003, 2008 Чемпиондар лигасы (3): 1997/98, 1999/00, 2001/02 УЕФА суперкубогы: 2002 Құрлықаралық кубок (2): 1998, 2002

«Бешикташ»

Түркия кубогы: 2011

Испания

Еуропа чемпионы (18 жас): 1996 Еуропа чемпионы (21 жас): 1998

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Мадридте туғандар Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Альмерия ФК жаттықтырушылары