Гус Хиддинк (; 8 қараша 1946 жыл, Варссевелд, Гелдерланд, Нидерланд) — нидерландтық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы Футболшы ретінде емес, бапкер ретінде көбірек табысқа жетті. Футболшы карьерасында тек 1970-72 жылдары ғана ПСВ Эйндховен клубында ойнады, қалған уақыттарда ортанқол клубтарда доп тепті.

Бірнеше клуб пен құрама тарихындағы үздік бапкер. Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1988 жылы ПСВ Эйндховен клубы Хиддинктің жаттықтыруымен өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар кубогында топ жарды, 2002 жылы Корея құрамасы Азия құрамалары арасында бірінші боп әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 2006 жылы Хиддинк жаттықтырған Аустралия құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының келесі сатысына өтті. 2008 жылы Ресей құрамасы Хиддинктің жаттықтырушымен өз тарихында бірінші рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына жетті.

2019 жылдан бері Кюрасао Ұлттық футбол құрамасын жаттықтырады.

2002 жылы Корея құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына жеткен соң, Хиддинк Кореяның құрметті азаматына айналды. Оған үкімет Чеджудо аралынан вилла сыйлады, барлық қоғамдық көліктерде тегін жүретін болды. Кванджудағы "Уорлд Кап" стадионына Хиддиктің аты берілді. 2002 жылғы әлем чемпионатында осы стадионда Корея құрамасы Испанияны пенальтилер арқылы ұтқан болатын.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде «Де Графсхап»

Нидерланд екінші дивизионының жеңімпазы: 1968/69

Бапкер ретінде «ПСВ»

Нидерланд чемпионы (6): 1986/87, 1987/88, 1988/89, 2002/03, 2004/05, 2005/06 Нидерланд кубогы (4): 1987/88, 1988/89, 1989/90, 2004/05 Нидерланд суперкубогы: 2003 Чемпиондар кубогы: 1987/88

«Реал Мадрид»

Құрлықаралық кубок: 1998

«Челси»

Англия кубогы: 2009

Нидерланд

Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1998

Оңтүстік Корея

Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 2002

Ресей

Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:НЕК ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Де Графсхаф ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:ПСВ ФК жаттықтырушылары Санат:Фенербахче ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Реал Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Реал Бетис ФК жаттықтырушылары Санат:Корея Республикасы Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Аустралия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Челси ФК жаттықтырушылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Анжи ФК жаттықтырушылары Санат:Кюрасао Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары