Эдуард Васильевич Сон (https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/214379, ) — КСРО-лық және қазақстандық футболшы, шабуылшы.
Өмірбаяны 1981-85 жылдары "Қайрат" сапында ойнап, 31 кездесуде алаңға шықты.
1988-91 жылдары "Днипро" сапында ойнап табысты болды, КСРО чемпионы атанды, КСРО кубогы, Суперкубогы, Футбол федерациялары кубогында топ жарды. 1990 жылғы КСРО чемпионатында 10 гол соғып, клубтың үздік мергені болды.
Кейін Францияның екінші лигасындағы клубтарда ойнап, Францияда орнығып қалды.
Қазір Францияның Роан қаласында мата өңеркәсібі фирмасының қожайыны.
Жетістіктері
КСРО чемпионы: 1988 КСРО чемпионатының күміс жүлдегері: 1989 КСРО кубогы: 1989 КСРО Суперкубогы: 1989 КСРО Футбол федерациялары кубогы: 1989
Дереккөздер
Сілтемелер
Футболшының профилі
Санат:КСРО футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Днипро ФК ойыншылары