Тастан Башпанов (1884 - 1972) — Гурьев облысы Новобогат ауданы Молотов атындағы колхозының жылқы шаруашылығының меңгерушісі. Социалистік Еңбек Ері (1948).
Еңбек жолын балық аулау кәсіпшілігінде бастап, Қазан революциясы кезінде қара жұмысшы, кейіннен мал шаруашылығы саласындағы серіктестіктердің мүшесі, Чапаев атындағы кеңшардың жылқышысы.
1930-1957. Гурьев облысы Новобогат ауданы Молотов атындағы колхозының жылқы шаруашылығы фермасының меңгерушісі.Тұщыкұдык ауылы шежіресі/ Алматы-2014, 121 бет. ISBN 978-601-7174-37-8
Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен Тұщықұдық ауылындағы көшеге "Тастан Башпанов" есімі берілді".https://zakon.uchet.kz/rus/docs/V16TDB03738
Марапаттары мен атақтары
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және мал шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін Социалистік еңбек ері атағы, Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі
Дереккөздер