Перуза Өтемісова Бекетқызы (1931 жылы, Бірлік ауылы, Отырар ауданы) – ауыл шаруашылығы саласындағы маман, Еңбек Даңқы орденінің толық иегері.
Өмірбаяны Еңбек жолын Мақтaарал ауданында бастаған. 1965 жылдан Шардара ауданы Восход кеңшарының ауыл шаруашылық саласында еңбек етті. Күріш өсірудегі ерен еңбегі үшін 3, 2, 1-дәрежелі «Еңбек даңқы» (1975, 1976, 1990), «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстан Компартиясы XІІІ, XІV cъездерінің делегаты, ОК-нің мүшесі болған. «Күміс алқа» белгісінің иегері. Шардара ауданының құрметті азаматы.
«Перуза Өтемісова» ЖСШ-нің төрайымы."Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:1931 жылы туғандар Санат:Отырар ауданында туғандар Санат:Еңбек Даңқы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Шардара ауданының құрметті азаматтары