Ивонн Фаррелл (1951 жылы) — ирландиялық сәулетші және ғалым. 2008 жылы Миландағы Боккони университетінің ғимараты үшін World Building of the Year марапатын иеленген Grafton Architects ұйымының бірлескен құрылтайшысы.Yvonne Farrell 2016 жылы Лима, Перудағы Universidad de Ingeniería y Tecnología ғимаратының жобасы бойынша бірінші халықаралық RIBA сыйлығын жеңіп алдыRIBA International Awards 2021 және 2020 жылы Корольдік "Алтын медалімен" марапатталды.Grafton Architects wins 2020 RIBA Royal Gold Medal 2017 жылы Шелли Макнамарамен бірге 16-шы Венециялық сәулет биенналесінің кураторы болып тағайындалды.Yvonne Farrell And Shelley McNamara Appointed Curators Of Venice Architecture Biennale 2020 жылы Макнамарамен бірге Притцкер сәулет сыйлығына ие болды.

Мансабы Ивонн Фаррелл Дублин университетінің колледжінде сәулет өнерін оқып, 1974 жылы бітірген. Ол 1977 жылы Шелли Макнамарамен бірге Дублинде Grafton Architects сәулетшілер ұйымының негізін қалады. Ивонн Фаррелл — 1990 жылдары Дублиндегі Темпл-Бар ауданын жаңғыртуға атсалысқан 91-ші сәулетшілер тобының мүшесі, негізін қалаушы.

Графтон сәулетшілері 2002 жылы Венеция биенналесінде Ирландияның атынан шығып, 2008 жылы қайтадан көрмеге қатысуға ұсынылды. Олардың Миландағы Боккони университетінің жобасы 2008 жылы World Building of the Year сыйлығына әрі үлкен танымалдыққа ие болды.Universita Luigi Bocconi by Grafton Architects 2009 жылы Дублин орталығындағы Қаржы министрлігінің ғимараты Civic Trust Award азаматтық сенім сыйлығын, сонымен қатар, Ирландия Сәулет қауымдастығының арнайы сыйлығын алды.

Фаррелл 1976 жылдан бастап Дублин университетінің колледжінде сабақ берді. Ал 2008 жылдан бастап Швейцарияның Мендризио қаласындағы Сәулет академиясына арнайы шақырылып, профессор қызмет атқарды. Ол 2010 жылы Гарвард жоғары дизайн мектебінде Кензо Танге кафедрасын басқарды. Қазіргі уақытта Лозаннадағы Федералды политехникалық мектебінде сабақ береді. Ивонн Фаррелл Осло, Стокгольм, Берлаге, Йель, Буффало, Сент-Луис, Канзас-Сити және Тампа сияқты Еуропалық және Американдық сәулет мектептерде дәріс оқиды.

Фаррелл — Ирландия Корольдік сәулетшілер институтының мүшесі, Британдық сәулетшілер Корольдік институтының құрметті мүшесі және Ирландияның өнер ұйымы Aosdána-ның сайланған мүшесі. Ол Дублин университеті колледжінің адъюнкт-профессоры қызметін де атқарады.Venice Architecture Biennale to be curated by UCD adjunct professors 2019 жылдың қараша айында Фаррелл және оның Grafton Architects ұйымындағы серіктесі Шелли Макнамара Nui Galway құрметті атағына ие болды, ал 2019 жылдың сәуірінде Дублиннің Тринити колледжінің құрметті докторлық дәрежесін алды.Honorary Degrees 2018-19 Ивонн Фаррелл және Макнамара 2020 жылы Притцкер сәулет сыйлығын жеңіп алып, осы марапатқа ие болған төртінші және бесінші әйел атанды.Pritzker Prize 2020

Сілтемелер Ивонн Фаррелл сәулет сызбалары Grafton Architects веб-сайты Дереккөздер

Санат:Сәулет және құрылыс Санат:Сәулетшілер Санат:Сәулет өнері Санат:Әйелдер Санат:Ирландияда туғандар Санат:1951 жылы туғандар