Ярмұхамедов Болат Қайырханұлы (17.10.1933 жыл, Петропавл – 9.9.2000 жыл, Алматы) – әскери қайраткер, генерал-майор.
Өмірбаяны Харьков танк училищесін (1959 жылы), “Выстрел” жоғары офицерлер курсын, Р.Я. Малиновский атындағы сауытты танк әскерлерінің әскери академиясын (1976 жылы) бітірген. Еңбек жолын 1952 жылы Талдықорған облысы Киров ауылдық кеңесінің әскери-есеп столының бастығы, ауылдық атқару комитетінің хатшысы болып бастады. 1954 – 56 жылдары Кеңес Армиясында қызмет етті. 1959 – 69 жылдары Киев әскери округінде взвод, рота, батальон командирі болды, Жалаңашкөлдегі Қытаймен арада болған қақтығысқа (1969 жылы) қатысқан. 1969 – 73 жылдары Түркістан, Орта Азия әскери округтарында танк батальонының, полкының командирі 1973 – 84 жылы Көкшетау облысы әскери комиссары 1984 – 90 жылдары Қазақ КСР әскери комиссары қызметтерін атқарды. 1991 жылы зейнеткерлік демалысына шықты.
Марапаттары 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызметі үшін” орденімен, медальдармен марапатталған. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:17 қазанда туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Петропавлда туғандар Санат:9 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:2000 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Харьков танк училищесі түлектері Санат:Малиновский атындағы сауытты танк әскерлерінің әскери академиясы түлектері Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:III дәрежелі КСРО Қарулы Күштеріндегі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері