Абылай ханның Қызыл ағашы — Көкшетау маңында Абылай ханның есімімен байланысты екі алаң бар: Үлкен және Кіші. Осы орайда, «Абылай ханның Қызыл ағашы» деген жерде Абылай ханның басты алаңы орналасты деуге негіз бар. Бұл жер жиырма жыл бұрын Көкшетаудың өлкетанушылары мен Бурабайдағы Абылай хан атындағы музейдің негізін қалаушы, өлкетанушы Әмина Тұрсынбаеваның ұсынысымен мәрмәр тас орнатылған және оған ақын Мағжан Жұмабаевтың жыр шумақтары жазылған

нобай|Көкшетау маңындағы Абылай ханның Қызыл ағашы ескерткіші. Аңызға сүйенсек, «Ханның Қызыл ағашы» деп аталатын бұл алаңда Абылай хан құрылтай, әскери жиналыстар, жасақ жинау, тағы да басқа көлемді іс-шаралар өткізіп отырған. Көкшетау тауының шығыс бөлігіндегі алаң - «Абылай хан алаңы» деп аталды. «Көкшетау таулары Абылай ханды дұрыс шешім қабылдауға шабыттандыратын» деген аңыз сақталған. «Ханның Қызыл ағашы» деген топониммен бірге «Ханның Қызыл үйі» деген түсінік қалыптасқан, бұл жоғарыда аталған орыннан солтүстік-батыс бағытында орналасқан «Абылай ханның ордасы» деген ұғымды білдіретін.Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 504 б.

Дереккөздер

Санат:Көкшетау маңындағы тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Көкшетау Санат:Абылай хан