Маше, Мәші – Атырау облысы, Жылыой ауданында орналасқан көл. Шоқпартоғай ауылының солтүстік батысында 12 шақырым жерде.
Гидрографикасы Жем өзенінің жайылмасында орналасқан. Аумағы 11,6 км2, ұзындығы 6,5 км, ені 2,8 км.Топонимика Казахстана. Алматы,2000 Теңіз деңгейінен 20 м. төменде жатыр. Су жиналатын алабы батпақты сор. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Жазда толықтай тартылып қалады. Солтүстігінде Бартылдақты, оңтүстік шығысында Қоскөл көлдері, маңында Оспансор, Құдықсай қыстаулары бар.Атамекен. Географиялық энциклопедия Алматы 2011
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы көлдері