Мария Коптская (сонымен қатар: Мария Еврей, Мария Грек, Мария Коптская) — б.з.д. I Maria the Jewess Biographyнемесе IIIChemical History Tour, Picturing Chemistry from Alchemy to Modern Molecular Science Adele Droblas Greenberg Wiley-Interscience 2000 ғасырларда өмір сүрген алғашқы алхимик әйел. Ол Александрия алхимия мектебінің негізін қалаған және де осы күнге дейін қолданылатын бірқатар химиялық құрылғылар мен процестерді ойлап тапқан. Шығу тегі Алхимик Олимпиодордың әйгілі үзіндісінен кейін Марияны Мария еврейИудейская МарияКраткая еврейская энциклопедияЕвреи в истории алхимии деп атай бастаған. Өзінің кітабының "киелілігі" туралы (Зосим Панополиттің қайталануында сақталған "пештер мен құрылғылар туралы" трактат) айта отырып, Мария: "егер сіз шынымен біздің отбасыдан болмасаңыз, оған қол тигізбеңіз", - деп ескертеді. Бұл фразаның мағынасы толығымен анық емес, өйткені тырнақшаға алынған үзінді кейбіреулерге мәтінге кейінгі көшіруші енгізген глосса секілді көрінеді.
Кейбіреулер Марияны Мариам пайғамбармен (Мұсаның қарындасы) немесе Мария Магдалинамен шатастыратын.
Швейцариялық зерттеуші Курт Зелигманның ойынша, Марияның "еврей" деген лақап аты дұрыс емес, керісінше оны "Грек Мариям" деп атау керек деп санайды.
Зосим Панополит Марияны біздің заманымыздан бұрын IV ғасырда сақталған алхимиялық трактатта José María de Jaime Lorén. 2003 атап өткен, сондай-ақ Александрия алхимигі Останес теBerthelot, "La Chimie au Moyen-Âge, " iii. 125 өзінің шығармаларында атап өткен.
Шығармалары Мария Коптская - алхимия мен химияда қолданылатын арнайы жасалған су моншасы - бенмариді ойлап тапқанE.J. Holmyard, Alchemy, 1957 (New York: Dover, 1990), pp. 48f. Бұл монша заттарды өте баяу қыздыруға мүмкіндік берген, ал қазіргі күнде ол тамақ дайындау кезінде тұздықтарды жылыту үшін қолданыладыИ.Лазерсон, С.Синельников, Т.Соломоник. За столом с Ниро Вульфом или секреты кухни великого сыщика. Ол сондай-ақ керокатисті, яғни әр түрлі металдардың жұқа тақтайшаларын булайтын жабық ыдысты және трибикосты, дистилляцияға ұқсас аппаратты ойлап тапқан. Осы құрылғылардың көмегімен әр түрлі сұйықтықтардың қайнау температураларын біле отырып, Мария Профетисса сұйық қоспаларды бөлек заттарға бөлуді үйренді. Бұл күшті алкоголь мен эссенциялар өндірісінің алғашқы қадамдары болдыОльга Лепеха. Съедобная бумага и спагетти из мозгов, или Зачем на кухне алхимия?.
Философиялық көзқарастары Марияның өз аксиомасында «Біреуі екіге, ал екеуі үшке, ал үшіншісінің арқасында төртіншісіне айналады» деген. К.Юнг бұл ойды даралануға апаратын жол деп түсіндірдіЮнг К. Г. Психология и алхимия..
Санат:әйелдерСанат:Римде қайтыс болғандарСанат:АлхимиктерСанат:ХимиктерСанат:ПайғамбарларСанат:ҒалымдарСанат:I ғасырда туғандарСанат:III ғасырда туғандарСанат:III ғасырда қайтыс болғандар