Нахшыван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы () — Әзірбайжан КСР құрамындағы автономиялы республика. 1924 жылы 9 ақпанда құрылған.

1920 жылы облысты Қызыл Әскер басып алды. 1920 жылы шілдеде Нахшыван кеңес республикасы құрылды. 1923 жылы ақпанда Әзірбайжан КСР қарамағында Нахшыван автономиялы өлке құрылды, ол 1924 жылы ақпанда Нахшыван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасына айналды.

1990 жылғы қарашадан бастап - Әзірбайжан Республикасының құрамында Нахшыван Автономиялық Республикасы.

Республикалық «Шәрг гапысы» (әзірбайжан тілінде) және «Кеңестік Нахчыван» (орыс тілінде) газеттері шығарылды.

Әкімшілік бөлініс 1930 жылдан бастап Нахшыван АКСР 6 ауданға (Абракүн, Жулфа, Ленин, Нахшыван, Сталин, Шаһбұз) және республикалық бағыныстағы Нахшыван қаласы болып бөлінді. 1930 жылдардың бірінші жартысында Ленин ауданы Ордубад, Сталин - Норашын болып өзгертіліп, Жулфа ауданы таратылды (1936 жылы қалпына келтірілді). 1948 жылы Абракүн ауданы таратылды. 1963 жылы қаңтарда Ордубад және Шаһбұз аудандары таратылды. Сол жылы мамырда Ордубад республикалық бағыныстағы қалаға айналды. 1964 жылы Норашын ауданы Ильичевский болып өзгертілді. 1965 жылы қаңтарда Ордубад пен Шаһбұз аудандары қалпына келтіріліп, Ордубад қаласы республикалық бағынудан аудандыққа ауыстырылды. 1978 жылы Нахшыван ауданының атауы Бәбек болып өзгертілді. 1980 жылдары Жулфа мен Ордубад республикалық бағыныстағы қала мәртебесін алды.

1987 жылы 1 қаңтарда Нахшыван АКСР әкімшілік бөлінісі келесідей көрінді: Бәбек ауданы. Орталығы — Бәбек кенті Жулфа ауданы. Орталығы — Жулфа қ. Ильичевский ауданы. Орталығы — Ильичевск қ. Ордубад ауданы. Орталығы — Ордубад қ. Шаһбұз ауданы. Орталығы — Шахбуз кенті Жулфа қаласы Нахшыван қаласы Ордубад қаласы

Тұрғындары 1926-1989 жылдардағы Бүкілодақтық санақтардың мәліметтері бойынша Нахшыван АКСР халқының саны мен этникалық құрамының динамикасы Ұлт 19261926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. КСРО республикаларының аймақтары бойынша халықтың ұлттық құрамы Демоскопадам % 19391939 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. Одақтас республикалар аймақтарының қала және ауыл тұрғындарын ұлтына және жынысына қарай бөлу Демоскопадам % 19591959 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. КСРО республикалары (РКФСР-ден басқа) аймақтарының қала және ауыл халқы жынысы мен ұлты бойынша Демоскопадам % 19701970 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. КСРО республикалары (РКФСР-ден басқа) аймақтарының қала және ауыл халқы жынысы мен ұлты бойынша Демоскопадам % 19791979 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. КСРО республикалары (РКФСР-ден басқа) аймақтарының қала және ауыл халқы жынысы мен ұлты бойынша Демоскопадам % 19891989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. КСРО республикалары аймақтарының қала және ауыл тұрғындарының жынысы мен ұлты бойынша бөлінуі Демоскопадам % Барлығы 104656 100,00 % 126696 100,00 % 141361 100,00 % 202187 100,00 % 240459 100,00 % 293875 100,00 % Әзербайжандар1926 жылғы санақта олар «түркілер» деп көрсетілген. 1939 жылдан бастап жүргізілген санақтарға сәйкес қазіргі терминология және мақала мәтінінде — әзербайжандар 88433 84,50 % 108529 85,66 % 127508 90,20 % 189679 93,81 % 229968 95,64 % 281807 95,89 % Орыстар 1837 1,76 % 2549 2,01 % 3161 2,24 % 3919 1,94 % 3807 1,58 % 3782 1,29 % Күрдтер 2649 2,53 % 1509 1,19 % 303 0,21 % 1087 0,54 % 1696 0,71 % 3127 1,06 % Армяндар 11276 10,77 % 13350 10,54 % 9519 6,73 % 5828 2,88 % 3406 1,42 % 1906 0,65 % Украиндар 92 0,09 % 360 0,28 % 438 0,31 % 997 0,49 % 942 0,39 % 1858 0,63 % Беларустар 7 0,01 % 33 0,03 % 63 0,04 % 108 0,05 % 94 0,04 % 450 0,15 % Татарлар 17 0,02 % 52 0,04 % 88 0,06 % 102 0,05 % 90 0,04 % 104 0,04 % Басқалар 345 0,33 % 314 0,25 % 281 0,20 % 467 0,23 % 456 0,19 % 841 0,29 %

Сілтеме Great Soviet Encyclopedia article Nakhichevan (Naxcivan)

Дереккөздер

Санат:Әзірбайжан тарихындағы мемлекеттер Санат:Әзербайжан КСР Санат:Нахшыван Автономиялық Республикасы