Қалалық ағынды сулардың түзілу жағдайы, оларды тазалау және залалсыздандыру – елді мекен жағдайында табиғи және антропогендік факторлардың адамға әсерін зерттейтін және халықтың сау, қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін шаралар мен қалыптарды (нормаларды) дайындайтын ғылым – коммуналдық гигиена бағыттарының бірі.

Тарихы Су ағызатын канализацияны адамдар ежелден-ақ қолданған. Египетте б.э.-дан 250 жыл бұрын салынған, ағынды суларға арналған каналдар табылған. Индияда мұндай қоңдырғылар одан да ертеректе болған. Ежелгі Римде б.э.-дан бұрын VI ғасырда "Клоака максим" атты ағынды каналы салынған, оны әлі күнге дейін кейбір жерлерде қолданады. Бірақ мұндай қондырғылар үлкен материалдық шығынды кажет етеді және ол кейбір нысандар үшін ғана жасалған (храмдар, сарайлар, қоғамдық суға шомылатын орындар және т.б.). Орта ғасырдағы қалаларда канализация жүйесі болған жоқ, осының нәтижесінде жұқпалы аурулар кең таралды. Еуропада канализация құрылысы қарқынды XIX ғасырда, бірінші кезекте қалалардың өсуі тез жүріп жатқан өндірістік дамушы елдерде (Англия, Германия) басталды.

Ағынды сулар құрамы және сипаты Қалалық ағынды сулардың құрамына кіретіндер: тұрмыстық; өндірістік; беткейлік су.

Елді мекен аумағында ағынды суды шығару жағдайлары тұрғын мекеннің жайластырылуына, жердің рельефіне, климатқа, ағынды сулардың ластану дәрежесіне және ағынды сулар құйылатын су нысандарының қуаттылығына байланысты. Меншікті су тұтыну, ағынды сулардың көлемі мен олардың ластану деңгейі қаланың орналасуына байланысты. Жергілікті жердің рельефіне байланысты канализация жүйелерінің және қысыммен жұмыс істейтін құрылымдары анықталады. Беткейлік ағындардың көлемі климатқа, сонымен бірге жайластыру деңгейіне де (көшені жуатын, көк-жасыл желектерді суаратын сулар) байланысты.

Факторлар бойынша қалалық ағынды суларды ағызып шығару жүйелері: даралап бөлінген (толық және толық емес); жартылай даралап бөлінген, біріктірілген немесе жалпы ағызатын. Толық, даралап бөлінген жүйе кезінде елді мекендерде жер асты құбырларының екі дара тармағы жүргізіледі: тұрмыстық (жартылай өндірістік) ағындарға арналған; беткейлік ағындарға (жауын-шашын сулары, еріген қар сулары, суару және көше жууға арналған сулар). Толық емес даралап бөлінген жүйе кезінде беткейлік ағындар ашық каналдар мен науалар арқылы ағызып жіберіледі.

Жартылай даралап бөлінген жүйенің толық даралап бөлінген жүйеден айырмашылығы: тұрмыстық және жауын-шашын ағындылары басты жалпы коллектор арқылы ағызылып жіберіледі. Ол су нысандарының бойына орналасады және тазалау қондырғыларына жіберіледі. Көшелік жауын-шашын коллекторларының басты коллекторға жанасу нүктелерінде оларды бөлетін камералар орналасады. Тазарту қондырғыларына түсетін жүктемені азайту үшін, катты нөсер жауындары кезінде су бөлетін камерадан толық немесе жартылай мөлшердегі су ешқандай тазартусыз, су нысандарына құйылады. Су ағызатын жалпы жүйе ағынды сулардың барлық түрлерін жинауға арналған құбыр өткізгіш тораптардан тұрады. Ол бөлетін камералармен жабдықталған. Жүйеге үлкен күш түскен жағдайда (нөсерлер, еріген қар сулары) суаттарға тазартусыз тек қана жауын-шашын сулары ғана емес, сонымен бірге тұрмыстық-нәжістік және өнеркәсіптік ағынды сулар да құйылады. Соңғы жыддары ірі өнеркәсіптік нысандарының және елді-мекендердің аумағындағы беткейлік ағындары техникалық судың қосымша көзі ретінде қолданылады. Жалпы коллекторға жақын орналасқан кәсіпорындардың беткейлік ағынды суларын жинау, оны тазарту қондырғыларына бағыттау, содан соң техникалық суға өте мұқтаж нысандарға жіберу ұсынылады. Елді мекендердің беткейлік ағынды суларын жинап, оны ауыл шаруашылық егіс далаларын суару үшін колдануға болады. Қалалық ағынды суларды су нысандарына қую алдында оларды тазарту және залалсыздандыру қажет. Бұрын беткейлік ағынды суларға мұндай талаптар қойылған жоқ. Қазіргі уақытта қалалық беткейлік ағындардың кем дегенде жалпы жылдық көлемінің 70 пайызы тазартылуы қажет. Су нысандарына жауын-шашын және еріген қар суларын тазартпай ағызу, санитарлық-эпидемиологиялық қызметі және балықты қорғау мекемесінің келісімінен кейін ғана рұқсат етіледі.

Шағын елді мекендердің (халқы 5 мыңға дейін) канализациясы ереже бойынша жартылай даралап бөлінген жүйе бойынша қарастырылады. Жартылай даралап бөлінген жүйе жерігілікті жауын-шашынның қарқындылығы секундына 90 литрден кем болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жауын-шашын едәуір көп болған жағдайда бөлетін камера арқылы суаттардың қарқынды ластануы мүмкін, сондықтан беткейлік ағындарды тазарту жүргізілмейді. Қазақстанның барлық аймағында негізінен жауын-шашын қарқындылығы бір гектарға секундына 90 литрден кем емес. Елді мекендердің ішінде беткейлік ағындарды суаттарға су ағысының жылдамдығы 0,05 м/с-тан жоғары және су шығыны 1 м³ с-тан жоғары болған кезде (тоғандар және су қоймалары) құюға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, су алу орнының қатаң тәртіптегі шекаралық аймағына және суға шомылуға арналған орындарда жауын-шашын, еріген қар суын құюға рұқсат етілмейді. Көптеген дамыған елдерде қазіргі кезде канализацияның дараланып бөлінген жүйесі қондырғылары едәуір тұрақты, тиімді деп есептеледі. Бүл бірнеше себептерге байланысты негізделген. Бірінші себебі - экологиялық жағдайлар, екінші себебі - техникалык жағдайлар. Ағынды сулар бас коллектор арқылы тазарту қондырғыларына түседі. Ағынды сулардың тазарту деңгейі оны кейін пайдаланатын мүмкіндігіне байланысты анықталады. Тұрмыстық ағындарда бір тұрғынға шаққандағы ластаушы заттардың мөлшері: Өлшенді заттар – 65 г/тәулік. Аммонийлы азот — 8 г/тәулік. Фосфаттар — 3,3 г/тәулік. Хлоридтер — 9 г/тәулік. Беткейлік белсенді заттар — 2,5 г/тәулік. Ағынды сулар тазарту коңдырғыларында үш негізгі үрдістерден өтеді: Механикалық тазарту — негізгі ластаушы заттардан (ерімейтін), органикалық емес заттардан тазарту. Биологиялық тазарту — механикалық тазартудан кейінгі қалған органикалық және органикалық емес заттардан тазарту. Залалсыздандыру.

Тазарту әдістері Ағындардың құрамына байланысты механикалық, биологиялық тазарту әдістері қолданылады.

Механикалық тазарту Торлар – ағынды сулардағы ірі қоспаларды ұстап қалу үшін қолданылады. 60—70° бұрышпен орнатылған тік бұрышты формадағы параллель металл сымдардан тұрады. Сымдар арасындағы саңылаулар 16 мм-ден жоғары болмауы керек. Бірнеше торларды орнату кезінде саңылаулар өлшемі үлкен болуы мүмкін. Егер ағынды сулар тазарту қондырғыларына сорғыш (насос) арқылы берілетін болса, онда торларды тек сорғыштардың алдында орналастыруға рұқсат етіледі. Торларды қалдықтардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру қажет. Қалдықтардың мөлшері тәулігіне 0,1 м³-тан аз болған кезде, торларды қолмен тазарту, ал үлкен көлемде механикалық (механикалык тырмалар) жолмен тазарту рұқсат етіледі. Сонымен бірге, сорғыштардың немесе тазарту қоңдырғыларының алдына қатты қалдықтарды майдалау үшін уатқыш-торлар орнатылады. Майдаланған қалдықтар тазарту қондырғыларындағы тұнбалармен бірге өңделеді. Торлар жабық бөлмелерде, ал уатқыш-торларды ғимаратсыз каналдарда орналастыруға болады.

Құм ұстағыштар — кейінгі тазарту қондырғыларының (тұндырғыштардың) жұмысын жеңілдетіп, минералды қоспаларды, негізінен құмды ұстау үшін орнатылады. Тазарту қондырғыларының қуаттылығы тәулігіне 100 м³ жоғары болуы тиіс. Қондырғыларда құм ұстағыштардың саны 2-ден кем болмауы қажет. Олардың бірнеше түрлері бар: Көлденең (ағындар көлденең бағытта қозғалады). Тік (ағындар жоғары қарай қозғалады). Аэрацияданатын (түбінен ауа жіберіледі). Көлденең құм ұстағыштардан судың ағып өту уақыты 30 секундтан, ал тік құм ұстағыштарда 20 секундтан кем болмауы қажет. Құм ұстағыштарда ұсталған құмдарды алып тастау қолмен және механикалық жолмен жүргізіледі. Құм ұстағыштардан шыққан құмды кептіру үшін құм алаңдары ұйымдастырылады. Жақсы жүмыс істейтін көлденең құм ұстағыштарда барлық минералды ластаушылардың 75 пайызға дейінгі мөлшері ұсталынады.

Тұндырғыштар — негізінен ерімейтін органикалык ластаушыларды тұнбаға түсіру үшін арналған. Өзінің пайдалану мақсатына байланысты тұндырғыштар біріншілік (биологиялық тазартуға дейін) және екіншілік (биологиялық тазартудан кейін ағындарды мөлдірлендіру үшін) болып бөлінеді. Жұмыс істеу тәртібіне қарай тұндырғыштар мезгілдік (жанаспалы) әсер ететін және үздіксіз әсер ететін (ағынды) деп бөлінеді. Іс жүзінде көбінесе ағынды тұндырғыштар қолданылады. Судың ағысының бағытына қарай тұндырғыштар тік, көлденең және радиалды (көлденеңнің бір түрі) болып бөлінеді. Тік тұндырғыштар — түбі конус тәрізді, шеңбер тәрізді резервуарлар. Ағындар орталық құбырға түсіп, конусқа дейін жылжиды, одан кейін ақырын жоғары қарай көтеріліп, су ағызатын науаға түседі. Орталык құбырдың төменгі бөлігіндегі тұнбалардың жоғары көтерілуін болдырмау үшін шағылыстыру қалқаны орналастырылады. Тұрмыстық ағынды сулардың көтерілу жылдамдығы негізінен 0,7 мм/с-тен аспауы кажет. Тік тұндырғыштар көлденең тұндырғыштарға қарағанда, оның тұнбаларды тұндыру қызметі (тұнба құбырлары арқылы) едәуір жоғары және аз көлемді алады. Олардың терең (10 метрге дейін) орналасуы негізгі кемшіліктеріне жатады, сондықтан оның құнын және шектеулі өткізгіш қабілеттілігін жоғарылатады. Теория жүзінде мөлдірлендіру тиімділігі 50 пайызға тең, бірақ іс жүзінде 40 пайыздан аспайды. Көлденең тұндырғыштар — бірнеше бөліктерге бөлінген тік бұрышты резервуарлар. Егер де олардың біреуінде тазарту немесе жөңдеу жұмыстары жүргізілетін болса, онда басқалары жүмыс істей береді. Судың қозғалыс жылдамдығы 5-10 мм аралығында болады. Тұндырғыштың алдыңғы бөлігінде орналасатын тұнба (ил) шұңқыры болады. Түбі тұнба шұңқырына қарай еңістеу болып келеді. Тұндырғыштардағы тұнбалар мезгіл-мезгіл қырғышпен, сорғышпен немесе элеватормен алынып, тазартылып отырады. Радиалды тұндырғыштар шеңбер тәрізді резервуарлар (диаметрі 60 метрге дейін) түрінде болады. Оған ағынды су төменнен беріледі, ол радиалды түрде орталықтан шетке қарай қозғалып отырады. Сондықтан судың қозғалыс жылдамдығы төмендейді, соның әсерінен өлшенді заттар тұнбаға түседі. Радиалды түндырғыштар біріншілік жөне екіншілік мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Онда өлшенді заттар 60 пайызға дейін ұсталады. Тазарту тиімділігін жоғарылату үшін ағындарды тұндырғыштарға түсер алдында аэрациялау жүргізіледі. Алдын ала аэрациялау тұндыру кезіңде қалалық ағындардан ауыр металдардың ұсақ дисперсті қосылыстарын жояды, бүл гигиеналық тұрғыдан аса маңызды. Негізінен, тазарту қондырғыларында кемінде 2 радиалды тұндырғыштар орналастырылады. Кейде оларды төрт-төрттен бір блокқа жинақтайды.

Тұнбалардың қауіптілігі Тұндырғыштарға түсетін тұнбалар санитарлық жағынан қауіпті болып табылады. Онда патогенді микрофлора, гельминттердің жұмыртқалары, сонымен қатар жағымсыз иісі болады. Оның жалпы көлемі негізінен барлық ағындардың бір пайызынан аспайды, белсенді тұнбаның мөлшері тұнбалардың 60—70 пайызын құрайды. Ағынды сулардың тұнбаларында 75 пайызға дейін органикалық заттар, 4 пайызға дейін фосфор, 6 пайызға дейін азот және басқа да микроэлементтер кездеседі. Олар тыңайтқыш ретінде қолданылуы мүмкін. Қалалық ағынды су стансаларының тұнбаларында В тобының барлық дәрумендері түгелдей кездеседі. Коммуналды шаруашылық академиясының зерттеулері белсенді тұнбаны ауыл шаруашылығында мал азығына қоспа ретінде пайдалануға болатыңдығын көрсетті. Белсенді тұнба — бұл органикалық заттармен минералдайтын қаныққан микроорганизмдерден тұратын тұнбалардың үлпектері. Ағынды сулардың тұнбалары органикалық заттардың болуына байланысты тез шіриді, ал онда көптеген бактериялардың болуы санитарлық жағынан қауіп туғызады. Осыған байланысты тұнбаларда анаэробты ашу (брожение) үрдісі жүреді. Органиканың ыдырау үрдісіңде көп мөлшерде метан бөлінеді, сондықтан үрдіс "метандық ашу" деп аталады.