Елді мекендерді санитарлық қорғау – тұрғындар денсаулығын қорғауға бағытталған коммуналдық гигиена.

Тұрмыстық қалдықтар түрлері Тұрмыстық қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді: сұйық қалдықтар – тамақты пісіруден қалған жуындылар, дәретханалардың шұңқырынан шығатын сұйық қалдықтар, ыдысты, еденді, кірді жуғаннан пайда болатын кір сулар мен канализация жүйесі арқылы шығатын ағынды сулар; қатты қалдықтар – үйден шыққан қоқыстар, көше сыпырындылары, қоғамдық тамақтану және сауда нысандарының қоқыстары.

Қатты тұрмыстық қалдықтар Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) компоненттік құрамы әр түрлі болады: қағаз, картон, ағаш, металл, тоқыма заттар, сүйектер, әйнектер, желім, тас, полимерлі материалдар, тамақ қалдықтары және көше сыпырындылары. Қалдықтардың морфологиялық құрамы жылдың мезгіліне және аймақтың климатына байланысты. Бірақ кез келген жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтардың көп бөлігі қағаздар (30 %-ке дейін) және тамақ қалдықтары (45 %-ке дейін) болып келеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа құрамы: Қағаз, картон - 20-28 % Тамақ қалдықтары - 35-45 % Ағаш - 1-3 % Металл - 1,7-2,3 % Тоқыма заттар - 4-7 % Сүйектер - 1,2-2 % Шыны - 3-6 % Тері, желім - 1-3 % Тастар - 1-2 % Пластмасса - 1,5-2,5 % Көше сыпырындылары - 10-18 %, тағы басқалар - 1-2 % Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамына елді мекендердің орналасу дәрежесі де (канализациялануы, жылыту жүйесінің түрі, газбен қаматамасыз етілуі), және тамақ қалдықтарын, шыны ыдыстарды және екінші шикізаттарды жинау жағдайы да әсер етеді: канализацияланбаған аудандардың қалдықтарының ылғалдылығы жоғары болғандықтан өте тығыз болады; жергілікті жылыту жүйесі бар үйлердің қалдықтарында күл көп; газбен қамтамасыз етілетін аудандарда қағаздар мен картондар көп.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормасы есептеу бірлігі: көп пәтерлі үй үшін — 1 адамға; мейманхана үшін — 1 орынға; сауда алаңы үшін — 1 шаршы метрге.

Яғни, көп пәтерлі тұрғын үй үшін бір адамға қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасы жылына 210–225 кг, жеке тұрғын үйде 300–450 кг, мейманханада бір орынға – 120 кг, бала бақшада бір орынға – 95 кг, оқу орындарында бір оқушыға – 19 кг, азық-түлік дүкенінде бір шаршы метрге – 160 кг, шипажай, демалыс үйлерінде бір орынға – 250 кг, бекетте, әуежайда – бір шаршы метрге 125 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында патогенді микроорганизмдер болады және олар санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Олар кеміргіштер мен шыбын-шіркейлерге құнарлы орта болып табылады, ал шіріген кезде жағымсыз иістер пайда болады. Жазғы мерзімде ҚТҚ өрт шығу жағынан өте кауіпті. Сондықтан санитарлык талаптар бойынша ҚТҚ-ды пайда болу орнынан тез шығарып тастау қажет.

Елді мекендерді тазарту жүйелері Аумақтарды тазарту және жинау елді мекеңдерді тазартудың бас сызбасы бойынша жүргізіледі және әкімшілікпен бекітіледі.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың және шығарудың негізгі 2 жүйесі бар: Алып кететін жүйе. Алып кетпейтін жүйе (көліксіз). Іс жүзінде алып кететін жүйенің маңызы зор, қазіргі кезде көліксіз жүйе тек жеке құрылыстар үшін ғана қолданылады, ал көп қабатты мекемелерде бұл жүйе мүлдем қолданылмайды. Бұл қалдықтарды канализацияға тастар алдында ұсақтау және қалдықтарды бақ учаскелерінде компостірлеумен аяқталады.

Алып кететін жүйе 2 әдіспен жүргізіледі: Үнемі жоспарлы аула ішілік жүйе – тұрғындар әр түрлі көлемді ыдыстарға қалдықтарды салып, алып кеткенге дейін шығарып қояды. Бұл едәуір тараған әдіске жатады. Жоспарлы пәтерлік – тұрғындар қалдықтарды тәуліктің белгілі бір уақытында қалдық тасығыштарға тікелей тиейді. Бұл құрылыс тығыздығы жоғары және аз қабатты мекемелерде (екі қабатқа дейін) сирек қолданылады. Қазіргі кезде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және алып кетуде елді мекен нүктелерінде негізінен үнемі алып кететін жоспарлы жүйе қолданылады. Бұл жүйенің негізгі түрлері: Алмастыратын жүйе (басқаша айтқанда контейнерлі). Алмастырылмайтын жүйе (бакқа салынып шығарылатын). Алмастыратын жүйеде қалдықтарды контейнермен бірге алып кетеді, орнына бос контейнерлер қойылады. Алмастырылмайтын жүйе кезінде қалдықтарды машиналарға тиейді, ал босаған контейнерлерді сол орнында қалдырады. Осы екі жүйеден біреуін тандап алу келесі факторларға байланысты: қалдықтарды тасығыш машиналарға тиейтін жердің қашықтығы; санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар; қатты тұрмыстық қалдық жинағыштарды санитарлық тазарту жиілігі; қалдық тасығыштардың саны және т.б. Алмастырылатын жүйені, егер шығарып тасу қашықтығы 8 км-ден аспаған кезде, қалдықтардың уақытша пайда болатын жерлерінде (жәрмеңкелер, көрмелер, саяжайда, сонымен қатар қорларда) пайдаланылады. Алмастырылмайтын жүйе өнімдірек, сондықтан қалдықтар тазартқыш машиналарды тиімді пайдалануга мүмкіндік туғызады. Кейбір кезде елді мекендерде осы екі жүйе бірдей қолданылады. Көліктің қозғалысы аздау орташа және кішігірім қалалар түрғындары қалдықтарын белгілі бір уақытта бірден автотранспортқа апарып салады (қатты түрмыстық қалдықтарды жоспарлап жинау жүйесі немесе баксыз түрі).

Санитарлық тұрғыдан қараған кезде ең маңызды мәселе — ҚТҚ-дың орташа жылдық жиналу нормасын дұрыс есептеу болып табылады. Егер норма аса көтерілген болса, онда контейнерлер толық толтырылмай тасылады, бүл үнемдік жағынан тиімсіз, егер норма төмендетілсе — контейнерлерде орын болмайды, сондықтан олардың айналасында қалдықтар үйінділері пайда болады.

Контейнерлер (5-тен көп емес) қойылатын алаң тұрғын үйден, балалар мекемелерінен, демалыс орындарынан 100 м-ден қашық емес, 20 м-ден жақын орналаспауы керек.

Алмастырылатын жүйенің тиімді жағы, қалдықтарды түсірген жерде контейнерлерді орталықтандырып жууға мүмкіндік туғызады. Алмастырылмайтын жүйе кезіңде ҚТҚ-ды жинаушыларды тазалау сол орнында жүргізіледі, ал мұндай нысандардың орналасуының көптігіне байланысты бұл үрдіске санитарлық бақылау жүргізу өте қиынға соғады.

Тұрмыстық қалдықтарды шығару арнайы автокөлікпен жүргізіледі, оларды кузовты және контейнерлі деп бөледі: Кузовты машиналар қалдықтарды жинаудың алмастырылмайтын жүйесінде немесе бактық жүйеде қолданылады. Бұлар қалдықтарға арналған жабық кузовтардан, қабылдағыш бункерлерден және гидравликалық итеретін плиталардан тұрады. Бұл кезде жүргізуші және екі тиегіштер жұмыс істейді, ал кейбір машиналарда (М-50, КО-404) бір ғана жүргізуші жұмыс істейді. Контейнерлі машиналардың барлық жұмысы толық механизацияланған, сондықтан бүл машиналарда жұмыс істеушілердің қалдықтармен байланысы мүлдем болмайды. Әдеттегі контейнер тасығыштың — "М-9" платформасына әрқайсысының көлемі 0,75 см³ 8 контейнер орналастыруға болады.

11,2 м биіктіктен жоғары қабатты ғимараттарда қалдық өткізгіштер орналастырылады. Көбінесе олардың қабылдау қондырғылары қабатаралық саты алдында орналастырылады. Ғимараттардағы осы жүйеге түрғын-эксплуатациялық мекеменің қызметкелері жауап береді. Олар осы жүйедегі толтырылатын клапандар мен бункерлерді, қалдық қабылдағыш камераны тазартады, қалдық жинағыштарды жуады, барлық жүйені залалсыздандырады. Қалдық жинағыштар қалдықтармен бірге қоқым тасығыш машиналарға тиеледі.

Қоқым тасығыш машиналарға қажеттілік мына формула бойынша анықталады: О — бір тәулікте шығарылуға тиісті қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшері; В — қалдықтарды тасығыш машиналардың тәуліктік өнімділігі; К — парктегі қоқым тасығыш машиналарды пайдалану коэффициенті (0,7-0,8).

В = Ч х С

Ч — тәулігіне жасалатын рейстер саны; С — машинаның пайдалы көлемі (м³).

Арнайы автопарктерде әрбір қалдық тасығыш машиналардың жұмысының маршруты мен графигі құрастырылып және бекітіліп, жүргізушінің қолына беріледі. График көшірмесі бақылау жүргізу үшін СЭС-ке жіберіледі. Маршруттар нөмірленіп, қала схемасына енгізіледі. Автопаркте машиналардың қоры болады, оларды негізгі көлік жөндеуге қойылған жағдайда қолданады (қатынасы 1:6). Қалалардың арнайы автошаруашылықтарында 20-дан кем емес, ал канализациясы жоқ елді мекендерде 50 шамасында вакуумды машиналар болуы керек.

Кейінгі жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды екі сатылы шығару кеңінен қолданылып жүр. Бұл қалдықтар өңдейтін жерлер тым алыста орналасқанда өте тиімді. Екі сатылы жүйе кезінде қалдықтарды аралық стансаларда жинайды, ол жерде қалдықтарды тығыздағаннан кейін үлкен жүк тасымалдайтын көліктермен залалсыздандыруға және өңдеуге алып кетеді. Кейбір кезде бүл үшін темір жол платформалары және өзен баржалары пайдаланылады. Қалдықтарды жинап қайта тиейтін стансалар өнеркәсіптік қойма аумақтарында немесе қалалардың шетінде орналасуы қажет және олардың санитарлық қорғау аймақтары тұрғын және қоғамдық ғимараттардан 100 м қашықтықта болуы керек.

Іс жүзінде барлық елді мекендерде канализацияланбаған аймақтар бар, сондықтан екі жүйені де пайдаланады (канализация және тасып шығару). Гигиеналық тұрғыдан қарағанда сүйық қалдықтарды шығарудың жалпы ағызу жүйесінің, яғни канализацияның артықшылықтары бар. thumb|right|300px|Тұрғын үй канализациясы схемасы: 1 – желдеткіш құбыр; 2 – бағана; 3 – қол жуғыш; 4 – былау; 5 – дәретхананың жуу багы; 6 – унитаз; 7 – алып кететін құбыр; 8 – раковина; 9 – сифон; 10-11 – еденді торап; 12 – тазарту; 13 – ағызу; 14 – аракідік көріп отыратын құдық; 15 – ауладағы торап; 16 – бақылау құдығы; 17 – жалғастырушы тармақ; 18 – аракідік көріп отыратын құдық; 19 – көшедегі торап.

Сұйық қалдықтарды шығарудың тасымалдау жүйесі Бұл жүйе канализацияға қосылмаған және жартылай канализацияландырылған елді мекендерде қолданылады. Канализация болмаған кездегі дәретханалардың ең қолайлы түрі люфт-клозет (жылытылған дәретхана), ғимараттардың өзінде екінші қабатқа дейін ғана орналасады. Нәжіс түсетін шұңқырларды ғимараттардың сыртына жердің деңгейінен төмен орналастырады.

Люфт-клозетке қойылатын негізгі гигиеналык талаптар: нәжіс шұңқырын гидрооқшаулау, ол 3 метрден терең болмауы керек; жердің бетінен 35 см жоғары нәжіс шұңқырын толтырмау; нәжіс шұңқыры вентиляциялануы керек (жылытылатын вентиляциялық канал ғимараттың шатырында дефлектормен қосылады); уақытымен тазартып тұру керек (жылына 2 рет). Люфт-клозеттен басқа аулада да нәжіс шұңқыры бар дәретхана орналастыруға болады (жәшікті дәретхана). Бұлар жылытылмайтын болғандықтан тек қана климаты жылы аудандарда ғана салынады және нәжістерді торфпен немесе топырақпен көмеді. Канализацияланбаған аудандарда осы принциппен қоғамдық дәретханалар салынады.

Сұйық қалдықтарды жинау үшін аулада жуынды төгетін шұңқыр салынады. Бұл шұңқыр су өткізбейтін жөне қатты қалдықтарды алып қалатын оның бетінде тор болуы керек. Мұндай шұңқырлар ауладағы дәретханалармен бірге болуы мүмкін. Ауладағы дәретханалар мен жуынды төгетін шұңқырлар тұрғын ғимараттарға, балалар мекемелеріне және халық демалатын алаңдарға 20 метрден жақын, 100 метрден алыс орналаспауы керек. Дәретханалардың іші күн сайын тазартылып тұруы, ал аптасына 1 рет ыстық сумен жуылуы және залалсыздандыруы керек. Бұл үшін 10 %-ті хлорлы әк, 3-5 % натрий гипохлориді, 5 % лизол, 10 % нафтолизолды, 5 % креолинді немесе 10 % натрий метасиликат ерітіндісі қолданылады. Байланысу уақыты 2 минуттан кем болмайды. Құрғақ хлорлы әкті пайдалануға тыйым салынады, ол тек қана азық-түліктік және медициналық нысандарда пайдаланады.

Шұңқырлардан сұйық қалдықтар вакуумдық машиналармен шығарылады, олардың цистерналарының көлемі және цистерналарының сыйымдылығы әр түрлі: КО-501, КО-503, КО-505, УК-19. Цистерналарының сыйымдылығы — 2,25-тен 10 м кубқа дейін жетеді, өнімділігі сағатына 40-тан 360 м куб-қа дейін. Машиналар қалдықтарды залалсыздандыратын жерге дейін тасиды.

Жартылай канализацияланған тұрғын үйде қалдықты қабылдау және канализацияға құю үшін құю стансаларын салады. Бұл кезде басты коллектордағы ағынды сулардың шығыны құю стансалардың ағынынан 5 есе көп болуы керек. Нәжістерді канализацияға құяр алдында сумен сұйылтады (1:1) және торлар мен құм ұстағыштар арқылы өткізеді.

Тасымалдау жүйесі кезінде сұйық қалдықтарды залалсыздандаруда екі негізгі жүйені қолданады: ассенизация алаңдары; жырту алаңдары.