Манаш — елді мекен. Атырау облысы, Исатай ауданында орналасқан. 19 ғ-дың ортасында Каспий теңізінің атырабында орыс көпестерінің балық кәсіпшіліктерінің орталығы ретінде пайда болған. Қазан төңкерісінен кейін артельдер, серістестіктерін құру, ұжымдастыру ісі өрбіді. “Қызыл балық” ұжымшарының орталығы болды. Мектеп және т.б. әлеуметтік нысандар салынды. Манаштан қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар шыққан. 1957 ж. Новобогат ауданының балық ұжымшарлары Жайық бойына көшірілген кезде Манаш тұрғындары ауыл шаруашылығымен айналысты.Исатай ауданы, «Арыс» баспасы, Алматы 2003 ISBN 9965-17-1165

Дереккөздер

Санат:Исатай ауданы Санат:Атырау облысы қоныстары Санат:Исатай ауданының таратылған елді мекендері