Марко Арнаутович (; 19 ақпан 1989 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/41384, ) — аустриялық футболшы, шабуылшы. 2016, 2020, 2024 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты.
Карьерасы
Клубтық Балалық шағында бірнеше аустриялық клубтың академиясынан өтті. "Аустрия", "Рапид", "Ферст", "Флоридсдорфер" клубтарында ойнап, 2006 жылы "Твенте" сапында кәсіпқой карьреасын бастады.
2009-10 жылғы маусымды "Интернационале" сапында өткізіп, табысты болды, Чемпиондар лигасы мен Италия чемпионатын ұтып алды. Бірақ маусым біткесін "Вердерге" ауысып кетті.
2013 жылы "Сток Ситиге" ауысты.
2017 жылы "Вест Хэм" футболшысы атанды.
Ұлттық 2020 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші турында Солтүстік Македонияға қарсы ойында матч барысында алаңға шығып, 89-минутта есепті 3:1-ге жеткізді. Гол соққан соң македониялықтар тарапына ауыр, кекесін сөздер айтып, сол жерде құрама капитаны Давид Алабадан ескерту алды, соңыңнда осы қылығы үшін бір ойыннан шеттетілді.
Жетістіктері
Командалық
«Интернационале»
Италия чемпионы: 2009/2010 Чемпиондар лигасы: 2009/2010
Жеке
Аустриядағы жыл футболшысы: 2018
Дереккөздер
Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Вердер ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары