Ертең кетем — музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
Тарихы Ж.Нәжімеденов Құрманғазының «Ертең кетем» күйіндегі өзекті ойды күйшінің монологы ретінде: Жаппай-ақ қой қораны да, бақпай-ақ қой түрме есігін. Түн – тым суық, оранып ап, ұйықташы, дос, бір көсіліп.
Әр дыбысқа қарай қалып, әуре болма, не түңілме. Шылымды әзір сор ойланып, кейін ойсыз өкінуге.
Көп қадалма қыр ұлына – Көзінді құр талдырады. Өзім кетсем, орыныма кісенімді қалдырамын.
Мынау жермен кім жүрді, кім? Бұғауға көп сүйенбелік. Менен қалса, шынжырды бұл басқа біреу киер келіп. ... Кетем, кетем, ар-үнім шын Солай дейді – көну керек. Мынау торда қалу үшін тым есуас болу керек, - деп мұндай мазаққа көнбейтінін бірауыз сөзбен жеткізген.
Санат:Құрманғазының шығармалары