Құрғақ аңғар — көктемгі қар немесе жазғы жаңбыр суымен толығып, кейін құрғап қалатын арна. Өздігінен ондаған км-ден бірнеше жүздеген км-ге дейін созылады. Солтүстік Африкадағы Арабия шөлдерінде құрғақ аңғарды уәди (вади) деп атайды. Қазақстанда құрғақ аңғар көбіне жері шөлейтті Қызылорда (Қуаңдария), Қарағанды (Табақкеңтатыр аңғары), Алматы (Құрбақанас, Ортабақанас) облыстарында кездеседі.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жер бедері