Чарвак су қоймасы () — Батыс Тянь-Шань сілемдерінде, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының солтүстік-шығысында орналасқан жасанды су қоймасы. Жергілікті тұрғындар арасында Ташкент теңізі деген атпен белгілі. Чарвактың жағалауы 100 км-ге созылып жатыр. Жағалаудың көптеген жерлерінде жабдықталған жағажайлар, пансионаттар мен демалыс базалары бар.https://wikiway.com/uzbekistan/charvakskoe-vodokhranilishche/ Чарвакское водохранилище (Lake Charvak)
Тарихы thumb|солға|200px|Чарвак плотинасы Чарвак су қоймасы 1970 жылы Шыршық өзенінің арнасында жасалынды. Өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында Ташкентте қатты жер сілкінісі болды және қаланың едәуір бөлігі қираған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде электр энергиясының сұранысы қажет болғандықтан гидроэлектр станциясын салу туралы шешім қабылданды. 1964 жылы энергетиктер мен ГЭС құрылысшыларына арналған Чарвак кенті құрылды. 60-жылдардың соңында құрылыс барысында биіктігі 169 м болатын тас бөгет салынды. Тау аралық бассейн сумен толтырылғаннан кейін Червакский деп аталып, су қоймасы пайда болды. Бүгінде бұл Өзбекстан тұрғындары мен бүкіл әлемнің туристері үшін сүйікті демалыс орнына айналды.https://touristam.com/charvakskoe-vodohranilische.html Чарвакское водохранилище, Узбекистан. Фото, зоны отдыха, как добраться из Ташкента. История создания
Сипаттама Алып жатқан жер аумағы 37 км2 шамасында, көлемі 2км2. Жағалық сызықтың ұзындығы 94 км құрайды. Суы мөлдір, тек кіреберістің басында ұсақ құмның әсерінен лайлану пайда болады. Жазда ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі, ал су +25°C-қа дейін жылынады, қыркүйек айының соңында айтарлықтай салқындату басталады. солға|220px| Кейбір бөліктерінде суда өсетін өсімдіктер кездеседі, балықтардан ақ сақа, пелядь, сазан, форель және шармай кездеседі. Қыркүйек-қазан айларында балық аулау маусымы басталады.
Кеңістік Тянь-Шань мен Шатқал жоталары арасында созылып, таулы жағалау құрайды. Бөгеттен бірнеше шақырым жерде тарихи және археологиялық орындар бар: Обирахмат - алғашқы адамдар орны, Чинар - жартастағы суреттер салынған үңгір, Убайдулла Ахрор және Ховенди ат-Тахур (Шейхантаур) дүниеге келген Богистон ауылы.https://www.tourister.ru/world/asia/uzbekistan/city/tashkent/lakes/33660 Чарвакское водохранилище
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан су қоймалары