Ноғай ауданы (; 1965 жылға дейін Қараноғай ауданы) — әкімшілік-аумақтық бірлік және Ресей Федерациясының Дағыстан құрамындағы муниципалды құрылым (муниципалды аудан).
Әкімшілік орталығы — Тереклі Мектеп ауылы.
Географиясы Аудан республиканың солтүстігінде орналасқан және шекарамен: солтүстікте — Қалмақстанмен, батыста — Ставропол өлкесімен, оңтүстікте — Шешенстанмен және шығыста — Дағыстанның Тарамух ауданымен шектеседі.
Аудан аумағында жеке қалалық аймақ болып табылатын және аудан құрамына кірмейтін Оңтүстік Сухокумск қаласы орналасқан.
Алып жатқан жер аумағы — 9000 км².
Тарихы Аудан 1928 жылы 22 қарашада ДАКСР ОАК 4 сессиясының қаулысымен Қараноғай аумағын бұрынғы Қызлар аймағынан бөлу арқылы құрылды. Бастапқыда аудан Тереклі Мектеп орталығы бар Қараноғай кантоны атауын алды. 06.03.1929 ж. ДАКСР ОАК қаулысымен кантондар аудан болып өзгертілді. 1938 жылы 22 ақпандағы БОАК шешімімен шаруашылық табысты дамыту мақсатында Ащықұлақ, Қараноғай, Қайасулы, Қызлар және Шелков аудандары Орджоникидзе өлкесіне берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 22 наурыздағы жарлығымен Қараноғай ауданы Грозный облысына қосылды. РКФСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 9 қаңтардағы қаулысымен Қараноғай ауданы қайтадан ДАКСР-ға берілді.
1965 жылы РКФСР ЖК Төралқасының Жарлығымен Қараноғай ауданы Ноғай ауданы болып өзгертілді.
Тұрғындары 1926 2002 2009 2010 2011 2012 2013 2014 201514 546 ↗21 685 ↗22 573↘22 472↘22 051↘21 716↘21 021↘20 510↘20 148 2016 2017 2018 2019 2020 2021↘19 765↘19 189↘18 759↘18 397↘18 222↘18 084
Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша:
Халық Саны,адам Жалпы халықтанүлесі, % ноғайлар 19 556 87,02 % даргиндер 1815 8,08 % орыстар 234 1,04 % шешендер 207 0,92 % қазақтар 115 0,51 % құмықтар 101 0,45 % татарлар 51 0,23 % аварлар 47 0,21 % лактар 28 0,12 % кабардиндер 27 0,12 % басқалары 113 0,50 % көрсетпегендер 178 0,79 % барлығы 22 472 100 %
Муниципалдық-аумақтық құрылым Муниципалды аудан құрамына ауылдық елді мекен мәртебесі бар 10 муниципалды құрылым және солардың ішіндегі 17 елді мекен кіреді.
Елді мекендер
Тағы қараңыз Қадрия Оразбайқызы Темірболатова — ноғай жазушысы әрі ақыны. Дала дауысы — ноғай тілінде шығатын газет. Ноғай ауданы — Қарашай-Шеркес Республикасының әкімшілік бірлігі.
Дереккөздер
Санат:Дағыстанның Ноғай ауданы