Байқожа – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы арқылы өтеді. Нұраның сол саласы. Ұзындығы 99 км, су жинайтын алабы 1154 км2.
Бастауы Сораң, Отар тауларындағы бұлақтардан басталатын Керегетас пен Ұзынбұлақ өзендерінің қосылған арнасы.
Гидрологиясы Негізінен қар, ішінара жер асты суымен толығады. Аңғарының беткейлері көлбеу, кең жайылмасы бар. Басты салалары: Керегетас, Ұзынбұлақ. Жылдық орташа ағыны 0,75 м3/с. Қараша — сәуір айларында мұз қатады.
Өсімдігі Жайылмасының қызыл қоңыр, күңгірт топырағында селеу, сұлыбас, қылқан селеу, ал биіктеу жерінде бұта өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы