Сергей Елефертович Лебедев ( /Сергей Елефертович Лебедев ; 31 қаңтар 1969) — кеңес және өзбек футболшысы, жартылай қорғаушы және шабуылшы ретінде ойнады. Ол Өзбекстан құрамасының экс-футболшысы.

Карьерасы

Клубтық Еңбек жолын "Турбина Брежневте" бастады, содан кейін Кировтың "Динамосында" ойнады. 1989-1999 жылдар аралығында Ферғана «Нефтяник» / «Нефтчи» командасында ойнады.

2002 жылы ол «Нефтчиге» оралды, сол жылдың 9 тамызында Өзбекстан кубогының финалында «Пахтакорға» қарсы ойында екі бірдей автогол соғып алды, ойын 3:3 есебімен тең аяқталды«Пахтакору» 55 лет!

2004 жылы «Согдиана» командасында ойнады, 2005 жылы "Металлургтің" намысын қорғады. Кәсіби карьерасын 2006 жылы 37 жасында «Нефтчиде» аяқтады.

2014 жылы «Нефтчиде» жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істедіМежсезонье: от «Бунёдкора» до «Нефтчи»

Құрама Өзбекстан құрамасы сапында 33 кездесуде алаңға шықты.

1994 жылы құрама сапында Азия ойындарының чемпионы болды.

Марапаттары

"Шухрат" медалінің иегері.

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі

Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:КСРО футболшылары Санат:Нефтчи Ферғана ФК ойыншылары Санат:Согдиана ФК ойыншылары Санат:Металлург Бекабад ФК ойыншылары Санат:Футболдан Азия ойындарының чемпиондары Санат:Өзбекстанның Азия ойындары чемпиондары