Джакомо Распадори (; 18 ақпан 2000Тransfermarkt.com, Бентивольо, Эмилия-Романья) — италиялық футболшы, Италия Ұлттық футбол құрамасы мен "Сассуоло" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық "Сассуоло" клубының түлегі. 2019 жылы 26 мамырда "Аталантаға" қарсы ойында тұңғыш рет Италия чемпионатында алаңға шықты.

Халықаралық 2021 жылы 4 маусымда Чехияға қарсы жолдастық кездесуде Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2021 жылғы Еуропа чемпионатында бір кездесуде алаңға шықты (Топтық турнирде Уэльске қарсы). Сол жылы күзде де ұлттық құрамаға шақырылып, 8 қыркүйекте Литваға қарсы ӘЧ-2022 іріктеуінде тұңғыш голын соқты.

Жетістіктері

Халықаралық

2020 жылғы Еуропа чемпионы 2021 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының қола жүлдегері Дереккөздер

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сассуоло ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары