Себастьен Алле (; 1994 жылы 22 маусымда туған, Париж, Франция) — Кот-д’Ивуарлық және француздық футболшы, "Боруссия Дортмунд" клубы мен Кот-д’Ивуар құрамасының шабуылшысы.
Мансап Клубтық Себастьен футбол мансабын жергілікті "Виньо" және "Бретиньи Фут" клубтарында бастады. 2007 жылы "Осер" академиясына ауысты. 2011 жылы 26 маусымда "Осер" клубымен өзінің алғашқы кәсіби үш жылдық келісімшартына қол қойды. Алғашқы ойынын 2012 жылы 27 шілдеде "Ним Олимпик" клубына қарсы ойында өткіздіAuxerre vs. Nîmes — 27 July 2012 — Soccerway. 2013 жылы 1 наурызда Себастьян 28-минутта "Арль-Авиньон" клубына қарсы ойында алғашқы голын соқтыArles vs. Auxerre — 1 March 2013 — Soccerway.
thumb|left|Алле 2013 жылы маусым айында
2014 жылы 24 желтоқсанда Себастьен "Утрехт" Эредивизи клубына маусымның соңына дейін жалға жіберілдіFC Utrecht slaat slag: «Een jeugdinternational nota bene van een groot voetballand» (in Dutch). 24 December 2014. Retrieved 24 December 2014. 2015 жылы 18 қаңтарда Эредивизиде "Херенвен" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықтыUtrecht vs. Heerenveen — 18 January 2015 — Soccerway. 2015 жылы 15 ақпанда "Дордрехтке" қарсы ойында жаңа клуб үшін алғашқы голын соқты. Маусымның соңына қарай ол чемпионаттың 17 ойынында 11 гол соғып, турнир қорытындысы бойынша Давид ди Томмазо атындағы сыйлықты алып, клубтың маусымдағы үздік футболшысы болып танылды. Нәтижесінде Нидерланд клубы ойыншының келісім-шартын сатып алды және келесі екі маусымда ол Эредивизиде сәйкесінше 17 және 13 гол соғып, команданың басты бомбардирі болды. Сонымен қатар, 2015/16 жылғы Нидерланд кубогында 5 матчта 5 гол соғып, командамен финалға дейін жетіп, турнирдің үздік бомбардирі атанды. Жалпы, Себастьян екі жарым жыл ішінде клубта барлық турнирлерде 98 матчта 51 гол соқты.
2017 жылы 15 мамыр күні Себастьен неміс клубы "Айнтрахт"-пен төрт жылдық келісімге қол қойды. Бірінші маусымда клубқа 30 жылда алғаш рет Германия кубогын жеңіп алуға көмектесті, турнир барысында 5 ойында 4 гол соқты. Бундеслиганың келесі маусымында ол 29 матчта 15 гол соғып, чемпионаттың үздік бомбардирлерінің тізімінде жетінші орынға ие болды.
2019 жылдың 17 шілдесінде ағылшын "Вест Хэм Юнайтед"-ке 40 миллион еуроға ауысты. Келісімшарт тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен 5 жылға есептелген. 2019 жылдың 31 шілдесінде Себастьян "Вест Хэм" сапындағы алғашқы голын "Герта" клубына қарсы жолдастық кездесуде соқты, онда "Вест Хэм" 5:3 есебімен жеңіске жетті. 2019 жылы 10 тамызда Англия Премьер-Лигасында "Манчестер Сити"-ге қарсы дебют жасады. 2019 жылдың 24 тамызында ол "Уотфорд"-қа қарсы ойында клуб үшін Премьер-лигадағы алғашқы голын соқты.
2021 жылдың қаңтар айында "Аякс" клубына 22,5 млн еуроға ауысты. Келісімшарт 2025 жылдың маусымына дейін есептелген.
2021 жылдың 15 қыркүйегінде карьерасында алғаш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының матчында алаңға шығып, бірден "Спортинг" қақпасына покер жасады, ал алғашқы екі голын матчтың 9-минутында соқты. Бұл Чемпиондар лигасының тарихында 18-ші оқиға болды, онда ойыншы бір матчта 3-тен астам гол соқты, ал екінші рет ойыншы өзінің турнирдегі дебюттік ойынында покер жасады (бұған дейін Марко ван Бастен 1992 жылы сәтті болған). Бұған дейін Чемпиондар Лигасындағы хет-трик тек Дидье Дрогба жасаған.
2022 жылы 6 шілдеде дортмундтық "Боруссияға" ауысып, клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны 31 млн еуроны құрады.
Ұлттық құрамада 2010 жылы Францияның 16 жасқа дейінгі құрамасында алғашқы ойынын өткізді. Кейін 21 жасқа дейінгі құрамаларының бәрінде ойнап шықты.
Алайда Франция құрамасына емес, өз отаны Кот-д’Ивуар атынан шығуды жөн көрді.
2020 жылы қарашада Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасына шақыртылды. 12 қараша күні Мадагаскарға қарсы ойында 2021 жылғы Африка Ұлттары кубогының іріктеу ойынында тұсаукесер матчын өткізіп, 68-минутта бір гол соқты.
Жетістіктері Клубтық «Айнтрахт» Германия кубогының иегері: 2017/18
«Аякс» Нидерланд чемпионы: 2020/21, 2021/22 Нидерланд кубогының иегері: 2020/21
Жеке Нидерланд чемпионатының үздік бомбардирі: 2021/22
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Франция футболшылары Санат:Кот-д’Ивуар футболшылары Санат:Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Осер ФК ойыншылары Санат:Утрехт ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары