Сандықтас – Тарбағатай жотасының батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылының солтүстік-шығысында 14 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2034 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейі тік, солтүстігінен Қарақол, оңтүстігінен Теректі, Жаңабек өзендерінің салалары бастау алады. Етегіндегі жартастың биіктігі 9 м-ге жетеді.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында сирек бұталы қуаң дала ландшафтысына тəн өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары