Соменок – Каспий теңізінің солтүстік батысындағы арал.

Орналасқан жері Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жамбыл ауылының оңтүстік-шығысында 24 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км созылған., енді жері 1 км. Жағалауының ең терең жері 1 м. Жер бедері тегіс келген, қамыс қалың өскен. Солтүстік батысында Сомовий, оңтүстік-батысында Зюйд, солтүстік-шығысында Баба, шығысында Средний, оңтүстік-шығысында Дальний аралдары жатыр. Аралды саздақты-құмайтты аллювийлі шөгінділер жапқан.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5

Дереккөздер

Санат:Каспий теңізі аралдары Санат:Атырау облысы географиясы Санат:Қазақстан аралдары