Анаркөл — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы көл, Анар темір жол стансасынан және Анаркөл ауылынан батысқа қарай 2 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 5,25 км2, көлемі 15,75 млн. м3, орташа тереңдігі 3 м. Көл табаны сазды-тұнбалы. Жағалауында қамыс өседі. Су құстарынан аққу, үйрек, қаз, қасқалдақ, т.б. құстар мекендейді. Суында оңғақ, мөңке балықтары тіршілік етеді.
Санат:Аршалы ауданы көлдері