Кристофер Нкунку (; 1997 жылы 14 қарашада туған, Ланьи-сюр-Марн, Франция) — француздық футболшы, «Челси» клубы мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы.
Клубтық мансап солға|250x250px|Nkunku playing for RB Leipzig in 2021 13 жасынан бастап «Пари Сен-Жермен» академиясында ойнады, 2015 жылы аяқтап, екінші команданың негізгі ойыншысы болды. Сол жылдың соңында негізгі командамен жаттығуға кірісті. 2015 жылы 8 желтоқсанда Чемпиондар Лигасында Донецк «Шахтеріне» қарсы ойында 87-минутта Лукас Моураның орнына шықты. Осыдан кейін ойыншы 2018 жылға дейін клубпен кәсіби келісімшартқа қол қойды.
2016 жылдың 5 наурызында ойыншы «Монпелье» клубына қарсы ойында Лига 1 дебютін жасады, бастапқы құрамда шығып, 61-минутта оны Хавьер Пастор ауыстырды. Өзінің дебюттік маусымында алаңға бес рет шықты, оның төртеуі бастапқы құрамда, гол соққан доптармен көзге түспеді. Кристофер 2018/19 маусымында 29 матч өткізіп, төрт гол соқты, барлық турнирлерде екі голмен ерекшеленді.
2019 жылдың 18 шілдесінде немістің «РБ Лейпциг» клубына 15 млн еуроға ауысты. Сондай-ақ, париждіктер футболшыны кейіннен сатудың белгілі бір пайызын алады. Келісімшарт 5 жылға есептелген.
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Чемпиондар Лигасының матчында «Манчестер Сити» қақпасына хет-трик жасады, бірақ "РБ Лейпциг" 3:6 есебімен ұтылып қалды. Бұл Чемпиондар Лигасының тарихында хет-трик авторының командасы үлкен матчта жеңіліп, 4-тен астам гол жіберіп алған алғашқы жағдай.
Ойын стилі Нкунку өзінің бұрынғы клубтасы Марко Верраттиді еске түсіреді. Шабуылшылар мен қорғаушылар арасында ойнағанда өзін сенімді сезінеді, допты сенімді иеленеді.
Дереккөздер
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:РБ Лейпциг ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары