Қарақойын – Жетіқоңыр құмының оңтүстігіндегі құмды алқап.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде орналасқан. Сарысу өзенінің орта ағысының сол жағалауында жатыр.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 260-270 м шамасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 36 км-ге созылған, енді жері 17 км. Солтүстігінде тұтасып жатқан Сәуменқұм алқабымен, шығысында Қоянжал, батысында Қатынқұм, Мойынқұм құмдары, оңтүстігінде өзімен аттас Қарақойын көлімен шектеседі. Жалды құмдарының бойында Басбұлақ, Қопабай, Киікті, т.б. көптеген қыстаулар мен құдықтар бар.
Өсімдігі Төбешіктерде теріскен, еркек шөп, жусан, ебелек, шет жақтарында қамыс, ши, т.б. өседі. Тұщы су құм массивтерінің жиек жағында 1-2 м тереңдікте кездеседі. Қарақойын қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау облысы құмдары