Сарыкөл – Шүрексор алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігі аумағында, оңтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 102 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,6 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 1,1 км, жағалау бойының ұзындығы 20 км. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ өскен. Көктем айларында су деңгейі көтеріліп, жағалау бойын 30-40 м-ге дейін су басады. Шарасында жыл бойы су болады. Суында балық бар. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуірде ериді. Алабы мал жайылымы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақсу қалалық әкімдігі көлдері