Қараүңгір – Байқара тауының солтүстік-батысындағы төбе.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Абсолюттік биіктігі 444 м. Батысында Үшқұдық, шығысында Үлкенқамыс құдықтары, солтүстігінде Қаратас, оңтүстігінде Жаманжол төбелері бар.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында сексеуіл, теріскен, еркек шөп, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары Санат:Төбелер