Қызылбастау – Айтау тауларының солтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы Бабасай ауылының солтүстік-батысында 56 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 765 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстігі мен шығысында Жусандала даласы, солтүстік-батысында Тасбастау, оңтүстігінде Күйелі Қаратау таулары орналасқан. ‎

Географиялық құрылымы Каледон-герциндік тау жаралу процесінде қалыптасқан.

Өсімдігі Тау етегінің саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы таулары