Қызылжал – Түлкілі тауларының оңтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз және Алматы облысы Алакөл аудандары жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 744 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 4,5 км. Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Ақшоқы, оңтүстігінде Үшөзек, шығысында Семізбұғы таулары, батысында Бурылтөбе шоқысы бар.
Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында лессинг жусаны аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары Санат:Алакөл ауданы таулары