«Отағасы» () — 2016 жылғы америкалық драма фильмі. Фильм режиссері Марк Уильямс, ал сценарийдің авторы Билл Дюбук.

Фильм «Zero Gravity Management» компаниясымен 2015 жылы түсіріліп, «Vertical Entertainment» компаниясы арқылы 2016 жылы жарыққа шықты, ал кең көрсетілімге 2017 жылы шықты.

Фильмде Джерард Батлер, Уиллем Дефо, Анупам Кхер, Альфред Молина, Элисон Бри және Гретчен Мол ойнады. Негізгі түсірілім 2015 жылдың 26 қазанында Торонтода басталды. Фильм 2016 жылғы Торонто кинофестивалінде көрсетілді.

Сюжет Дэйн Дженсен — Чикагода тұратын табысты хедхантер, мамандық бойынша да, мамандардың кәсіби деңгейінде де негізгі және сирек кадрларды іздейтін және іріктейтін «Blackridge» компаниясының Линн Уилсонмен бірге ең кәсіби жұмысшыларының бірі. Оған жұмысында көтерілу уәде етілген, бірақ бұл үшін ол әріптесі Линн Уилсонның көрсеткіштерінен асып түсуі керек. Жұмысқа толықтай кіріскен ол өзінің отбасына аз көңіл бөледі, бұған оның әйелі Элистің көңілі толмайды. Элис отбасымен, әсіресе балалармен көбірек уақыт өткізуді сұрайды.

Үлкен ұлы Райан өзінің денсаулығына шағымданады. Оған қатерлі ісік диагнозы қойылады. Дэйн өзінің мансабы мен отбасының арасында еріксіз таңдауға түседі. Дэйн ұлымен көбірек уақыт өткізеді, нәтижесінде оның көрсеткіші Линн Уилсонның көрсеткіштерінен азая бастайды.

Дэйннің оқиғасымен қатар жасына байланысты жұмыс таба алмай жүрген инженер Лу Уилердің оқиғасы бірге көрсетіледі.

Рөлдерде Джерард Батлер — Дэйн Дженсен, Элистің күйеуі және Лорен мен Райанның әкесі Гретчен Мол — Элис Дженсен, Дэйннің әйелі және Лорен мен Райанның анасы Элисон Бри — Линн Уилсон, Дэйннің қарсыласы Уиллем Дефо — Эд Блэкридж, Дэйннің бастығы және «Blackridge» компаниясының директоры Максуэлл Дженкинс — Райан Дженсен, Дэйн мен Элистің ұлы және Лореннің ағасы Джулия Баттерз — Лорен Дженсен, Дэйн мен Элистің қызы және Райанның қарындасы Анупам Кхер — Савраж Сингх, Райанның дәрігері Альфред Молина — Лу Уилер, жұмыссыз инженер Дастин Миллиган — Самнер Файрстоун Дуэйн Мерфи — Антуан, Райанның мейіргері Мими Кузык — Бернадин Кэтлин Манро — Тони

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:2016 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері