Сарыоба – Тасқараала тауларының шығыс, оңтүстік-шығысындағы оқшау аласа тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Тоғысқан темір жол стансасынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 492 м. Тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері көлбеу, төбесі доғал пішінді. Батысында Қыналыкөл көлі жатыр. Оған көктемде суы кермек татитын Өткелсаз өзені құяды.
Өсімдігі Тау беткейі мен етегінің құнарлығы шамалы сұрғылт қоңыр топырағында жусан, теріскен, қылқан боз, кермек, еркек шөп, т.б. шөптесіндер өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары