Қаратөбе – Арал құмының солтүстік-шығысындағы төбе.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 66 км жерде орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,5 км. Абсолюттік биіктігі 122 м. Солтүстігінде Үлкенқұм, шығысында Ботабайқұм, Сарманқожа құмдары, батысында Көктөбе төбесі орналасқан. Беткейінің етегінде сор, тақыр жерлер кездеседі.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында еркекшөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, көкпек, бұйырғын, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары Санат:Төбелер