Сарыкөл – Үлкен Борсық құмды алқабының солтүстік-шығыс шетіндегі шоқы.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылан темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 266 м. Шоқы бойлық бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км шамасында. Оңтүстік беткейі тіктеу, қалғандары көлбеуленіп жазыққа ұласады. Солтүстігінде 12-14 км жерде Жансеңгір көлі жатыр. Солтүстік, солтүстік-батысында шағын көлдер тобы мен батпақты сор жерлер кездеседі.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы негізінен палеогеннің тау жыныстарының үгілуінен пайда болған, оның үстін аллювийлі құмтасты шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Сұр, сұрғылт құмайтты топырақ жамылғысында жусан, изен, баялыш, шеңгел, жүзгін, т.б. шөптесіндер өскен. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы таулары Санат:Шоқылар