Нозофобия (, — "ауру" + — "қорқыныш") — өмірге қауіп төндіретін аурулардың пайда болуынан иррационалды қорқынышпен сипатталатын мазасыз фобиялық бұзылыс Фобияның анықтамасы.

Симптомдары Нозофобияға обыр, жүрек аурулары немесе ЖИТС сияқты аурулардан қорқу жатады. Осы мазасыздық адамның физикалық жағдайынан көріне алады: бас айналуы жүрек айнуы жүрек соғуының, тыныс алудың жиіленуі тершеңдік ұйқының бұзылуы.

Себептері Нозофобияның пайда болуына әсер ететін факторлар: Өз денсаулығы туралы алаңдау Жақын адамның айықпайтын дерттен қайтыс болуы Жас кезінде ауруды бастан кешіріп, оның қайталануынан қорқу Белгілі бір аурудың кеңінен тарауы.

Мамандардың ойлауынша, медициналық ақпараттың желілердегі қолжетімділігі де аса рөл ойнауы мүмкін, себебі әр адам кез келген аурудың симптомдарын тауып, өзіне жалған диагноз қоя алады. Оның тарағаны сонша, бұл үшін арнайы термин - киберхондрия ойлап табылды. Басқа психикалық шалдығулары бар пациенттер де аса қауіп төндіретін аурулардан қорқуы мүмкін.

Дереккөздер

Санат:Фобиялар