Қаратау – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының оңтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан тау.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1004 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 9-10 км-ге созылып жатыр, енді жері 2-2,5 км. Беткейлері тік келген. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағында түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Геологиялық құрылымы Девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың күңгірт, қызғылт қоңыр топырағында жусан, селеу, сұлыбас, шығыс беткейлерінде қараған шоғырлары өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары